ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерін, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актісін дайындау:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың:
соттардың шешімдері;
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі және бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың шығынын (борышын) субсидиялау бойынша міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервінің ақшасына мұқтаждық ағымдағы қаржы жылында туындаған және оның қажет болуы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өткен міндеттемелеріне байланысты болмаған;
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған төтенше резервті пайдалану туралы комиссияның оң ұсынымы болған;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерін пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы болған;
5) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан тұрғындарға келтірілген мүліктік зиянды өтеу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жылжымайтын мүлік бойынша мүліктік шығындарға өтемақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерін пайдалану мақсатында Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың оң ұсынымы не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатқа, жиынтық есеп-қисаптарға, сондай-ақ оларға есеп-қисаптар мен негіздемелерге орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары қол қояды.
Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы қолдаухат жергілікті атқарушы органдардың сұрау салуы бойынша ұсынылса, онда:
жиынтық есеп-қисапты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітеді және орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары келіседі;
қолдаухатқа негіздеме мен есеп-қисаптарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Жергілікті атқарушы органдардың резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатқа және жиынтық есеп-қисаптарға, сондай-ақ оларға есеп-қисаптар мен негіздемелерге тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының сұрау салуы бойынша тиісінше облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен қаражат бөлінген кезде:
жиынтық есеп-қисаптарды аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бекітеді және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысымен келісіледі;
негіздеме мен есеп-қисаптарға аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан қираған тұрғын үйдің орнына тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінген жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үйі авариялық деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін ұсынады, оған облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасары қол қояды.
Зардап шеккен азаматтардың тізімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен растаушы құжаттардың негізінде жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.";
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген кезде төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Бұл ретте орын алған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе жаһандық ауқымда болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырған жағдайда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай кезінде Үкімет резервтерінен қаражат бөлуге жол беріледі.";
10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алғанын негіздейтін материалдарды, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есеп-қисаптарын ұсынудың тәртібі мен тізбесін, төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттігін тиісті төтенше жағдай саласындағы орталық уәкілетті орган айқындайды.
Қираған объектілерді салуға немесе күрделі жөндеуге төтенше резервтен ақша бөлінген жағдайда құжаттардың ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы да беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйі тұруға жарамсыз болып қалған азаматтарға өтеусіз негізде беру үшін мемлекеттік тұрғын үй қорына тұрғын үй сатып алынған жағдайда төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақша бөлу туралы шешімнің жобасын енгізеді.
11. Өңiрлiк және жаhандық ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу қажет болған кезде төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Yкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және (немесе) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізуге ақша бөлу туралы шешiмнің жобасын енгiзедi.
12. Жергiлiктi ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу қажет болған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар ауданның және қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органға әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және (немесе) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізуге ақша бөлу туралы шешiмнің жобасын енгiзедi.";
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиісті орталық мемлекеттік орган комиссия ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының ақша немесе тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.";
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейін азаматтық қорғау саласындағы орталық уәкілетті органның өтінішхатының негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген жылдық жоспарлы тағайындау сомасында ақша қаражатын бөледі.";
24-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24-5. 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жылжымайтын мүлік бойынша келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінен ақша бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі тиісінше орталық немесе жергілікті уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен бірге ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Негіздемелер мен есеп-қисаптар жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы орталық уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жылжымайтын мүлік бойынша, келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес ұсынылады.";
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Орталық мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою мақсатында жүргізілген, көлік құралдарын тартумен байланысты шығыстары және (немесе) орталық мемлекеттік органның өзінің теңгеріміндегі көлік құралдарын өзге мемлекеттік органға беру бойынша шеккен шығыстары кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шұғыл шығындарға арналған резервтің қаражатынан өтеледі.";
27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Мемлекеттік органның өтінішхатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.";
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот толтырған атқару құжаты түскен кезде одан әрі шағымдану үшін негіздемелер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қылмыстық іс жүргізетін органдардың лауазымды тұлғаларының кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленсе, мұндай тұлғалар келтірген зиянды өтеген мемлекеттік органдар (ведомстволар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражатты шегеру тәртібімен өтеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қолданады.";
33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндеттелген жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерге барлық сот инстанцияларына шағымдануға тиіс.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот актілері мен атқару құжаттарының көшірмелері қоса берілуге тиіс.".
2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма бесінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бұл ретте осы қаулының 1-тармағының сегізінші абзацы 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін, ал осы қаулының 1-тармағының он бірінші, отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтары 2025 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |