1. Қазақстан Республикасы үкiметтiк байланыс әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiне, жұмысшыларына, мамандары мен қызметшiлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметкерлерiнiң тиiстi санаттарына белгiленген еңбекке ақы төлеу, ақшалай және заттай үлес пен жеңiлдiктердiң басқа да түрлерi қолданылсын.
2. Тұрғын үй, әскери-техникалық, әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер салуға, қару-жарақты және әскери техниканы, көлiктi және үкiметтiк байланыс әскерлерi үшiн материалдық жабдықтардың басқа түрлерiн алуға жұмсалатын күрделi қаржы Қазақстан Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қаржы сметасында қарастырылатын болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi алдын ала
iрiктеудi ескере отырып Қазақстан Республикасының үкiметтiк байланыс әскерлерiн мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырсын, әскери-техникалық құралдармен, қару-жарақпен, үлестiң басқа да түрлерiмен қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының үкiметтiк байланыс әскерлерiн ұстауға ақша қаражатын қарастырсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары