Қазақстан Республикасы үкiметтiк байланыс әскерлерiн қаржыландыру, материалдық-техникалық, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 24 қараша 1992 ж. N 976

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы үкiметтiк байланыс әскерлерi туралы" 1992 жылғы 31 тамыздағы N 902 Жарлығының қабылдануына және үкiметтiк байланыс полкiнiң Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағындырылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы үкiметтiк байланыс әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiне, жұмысшыларына, мамандары мен қызметшiлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметкерлерiнiң тиiстi санаттарына белгiленген еңбекке ақы төлеу, ақшалай және заттай үлес пен жеңiлдiктердiң басқа да түрлерi қолданылсын.
      2. Тұрғын үй, әскери-техникалық, әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер салуға, қару-жарақты және әскери техниканы, көлiктi және үкiметтiк байланыс әскерлерi үшiн материалдық жабдықтардың басқа түрлерiн алуға жұмсалатын күрделi қаржы Қазақстан Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қаржы сметасында қарастырылатын болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi алдын ала

iрiктеудi ескере отырып Қазақстан Республикасының үкiметтiк
байланыс әскерлерiн мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлермен
жасақтауды жүзеге асырсын, әскери-техникалық құралдармен,
қару-жарақпен, үлестiң басқа да түрлерiмен қамтамасыз етсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының үкiметтiк байланыс әскерлерiн ұстауға ақша 
қаражатын қарастырсын.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады