Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 қаңтар 1993 ж. N 11

      Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң штаттағы қызметкерлерiнiң саны жылдық айлықақы қоры 106488 АҚШ доллары сомасындағы 13 адам мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкiлiне айына 935,1 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы және жұмыстың күрделiлiгi мен үлкен көлемi ескерiлiп лауазымдық жалақысына 20 процент мөлшерiнде үстемеақы белгiленсiн.
      Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң штат кестесiн бекiту хұқығы берiлсiн.
      4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық қызмет

көрсету үшiн олардың шет ел валютасындағы айлықақысы қорынан
0,5 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан 
Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен
бiрлесiп Сауда өкiлдiгiн ұстауға арналған шығыс сметасын қарап,
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар 
министрлiгiне АҚШ доллары және сом есебiмен қажеттi мөлшерде
қаражат бөлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi       
      
      


Вопросы Торгового представительства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 января 1993 года N 11

      В связи с открытием Торгового представительства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить штатную численность Торгового представительства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике в количестве 13 единиц с годовым фондом заработной платы в сумме 106488 долларов США.
      2. Установить Торговому представителю Республики Казахстан в Китайской Народной Республике должностной оклад в размере 935,1 доллара США в месяц и надбавку к должностному окладу в размере 20 процентов с учетом сложности и большого объема работы.
      Должностные оклады сотрудников Торгового представительства установить, исходя из оклада Торгового представителя в соответствии со штатным расписанием.
      3. Предоставить право Министерству внешнеэкономических связей Республики Казахстан утверждать штатное расписание работников Торгового представительства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике.
      4. Установить отчисления на оказание медицинской помощи сотрудникам Торгового представительства в размере 0,5 процента от фонда заработной платы в иностранной валюте.
      5. Министерству финансов Республики Казахстан совместно с Министерством внешнеэкономических связей Республики Казахстан рассмотреть смету расходов на содержание Торгового представительства и выделить Министерству внешнеэкономических связей Республики Казахстан необходимые ассигнования в долларах США и в рублях.

                Премьер-министр
              Республики Казахстан