1. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң штаттағы қызметкерлерiнiң саны жылдық айлықақы қоры 106488 АҚШ доллары сомасындағы 13 адам мөлшерiнде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкiлiне айына 935,1 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы және жұмыстың күрделiлiгi мен үлкен көлемi ескерiлiп лауазымдық жалақысына 20 процент мөлшерiнде үстемеақы белгiленсiн.
Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң штат кестесiн бекiту хұқығы берiлсiн.
4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық қызмет
көрсету үшiн олардың шет ел валютасындағы айлықақысы қорынан 0,5 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен бiрлесiп Сауда өкiлдiгiн ұстауға арналған шығыс сметасын қарап, Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне АҚШ доллары және сом есебiмен қажеттi мөлшерде қаражат бөлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi