Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан күштеп көшiрiлген халықтар жөнiнде тарихи әдiлеттiлiктi қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген азаматтардың төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны ерекшелiк ретiнде, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекiту туралы" 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 33, 499-бап) бекiтiлген Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiне сәйкес арнайы көшiрiлгендерге iшкi iстер органдары берген анықтамалар негiзiнде өзгертуге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi