1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiтап палатасын Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасы деп атау туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасына:
кiтапты халықаралық стандартпен нөмiрлеу жөнiндегi;
сериялы басылым жөнiндегi функциялар жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi:
3 ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының жарғысын бекiтетiн болсын;
1993 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының материалдық-техникалық базасын нығайту және Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының кiтап қоймалары мен әкiмшiлiк корпусының жаңа үйлерiн салу жөнiндегi шаралар туралы келiсiлген ұсыныстарын әзiрлейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi