Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттiк кiтап палатасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 сәуiр 1993 ж. N 270

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiтап палатасын Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасы деп атау туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасына:
      кiтапты халықаралық стандартпен нөмiрлеу жөнiндегi;
      сериялы басылым жөнiндегi функциялар жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi:
      3 ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының жарғысын бекiтетiн болсын;
      1993 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының материалдық-техникалық базасын нығайту және Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының кiтап қоймалары мен әкiмшiлiк корпусының жаңа үйлерiн салу жөнiндегi шаралар туралы келiсiлген ұсыныстарын әзiрлейтiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады