1. Панфилов көшесiндегi 94-98 үй Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң иеленуi мен пайдалануына берiлсiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақ акционерлiк-коммерциялық әлеуметтiк дамуды кредиттеу банкiнiң және "Алтындәнбанк" акционерлiк-коммерциялық банкiнiң жарғы қорына мемлекеттiң үлесi ретiнде енгiзген алаңдар осы банкiлер өз үйлерiн салып бiтiргенге дейiн қарамағында қала тұрады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi екi апта мерзiм iшiнде Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкi мен Қазақ акционерлiк-коммерциялық агроөнеркәсiп банкi отырған үйдi қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң балансына беретiн болсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiң жарғы қорындағы жарнасының үлесiн азайту жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен құрылтай шартына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 сәуiрдегi N 303 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне 1993 жылғы 10 сәуiрге дейiн берiлуге тиiстi СССР Мемлекеттiк банкi Қазақ республикалық банкiсiнiң балансында тұрған үйлердiң (1987 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша) ТIЗБЕСI