Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi басқармасы төрағасының республикада төлем және кредит тәртiбiн нығайту мәселесi бойынша есебi туралы" қаулысын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 14 сәуiр 1993 ж. N 303

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi басқармасы төрағасының республикада төлем және кредит тәртiбiн нығайту мәселесi бойынша есебi туралы" 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Панфилов көшесiндегi 94-98 үй Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң иеленуi мен пайдалануына берiлсiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақ акционерлiк-коммерциялық әлеуметтiк дамуды кредиттеу банкiнiң және "Алтындәнбанк" акционерлiк-коммерциялық банкiнiң жарғы қорына мемлекеттiң үлесi ретiнде енгiзген алаңдар осы банкiлер өз үйлерiн салып бiтiргенге дейiн қарамағында қала тұрады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi екi апта мерзiм iшiнде Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкi мен Қазақ акционерлiк-коммерциялық агроөнеркәсiп банкi отырған үйдi қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң балансына беретiн болсын.

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi мемлекеттiң жарғы қорындағы жарнасының үлесiн азайту жөнiнде
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен құрылтай шартына
тиiстi өзгерiстер енгiзсiн. 

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                               Қазақстан Республикасы
                                               Министрлер Кабинетiнiң
                                              1993 жылғы 14 сәуiрдегi
                                                  N 303 қаулысына
                                                       қосымша

             Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне
            1993 жылғы 10 сәуiрге дейiн берiлуге тиiстi
           СССР Мемлекеттiк банкi Қазақ республикалық         
              банкiсiнiң балансында тұрған үйлердiң
           (1987 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша)
                          ТIЗБЕСI
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады