Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының "Стандарттау және сертификаттау туралы" Заңын күшiне енгiзудiң тәртiбi туралы" 1993 жылғы 18 қаңтардағы N 1887-XII қаулысын орындау үшiн және өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) сертификаттауды адамдардың өмiрiнiң, денсаулығының, азаматтардың мүлкiнiң қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн стандарттың немесе басқа нормативтiк құжаттың мiндеттi талаптарына сәйкестендiрудi кезеңiмен енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн, алынатын және оның аумағына әкелiнетiн, бiрiншi кезекте мiндеттi сертификаттауға жататын бiртектес өнiмдер (жұмыс, қызмет көрсету) топтарының қоса берiлiп отырған Тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
09.13. N 1259 қаулысымен. P951259_
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ лабораторияларын (орталықтарын) тiркеудiң барысына қарай аталған өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) сертификаттауды кезең-кезеңiмен жүргiзудi жүзеге асыратын болсын.
Ескерту. 2-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
09.13. N 1259 қаулысымен. P951259_
3. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет немесе сертификаттау жөнiндегi ол өкiлдiк еткен органдар берген сәйкестiк сертификаттарымен расталады деп белгiленсiн. Тiркелген сынақ лабораториялары (орталықтары) болмаған жағдайда 1995 жылға дейiн өнiмнiң қауiпсiздiгiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетте тiркелген өндiрушiлердiң өтiнiш-декларациясымен растауға рұқсат етiлсiн.
Ескерту. 3-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
09.13. N 1259 қаулысымен.
4. Мемлекеттiк басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқармамен бiрлесiп, бекiтiлген тiзбелер бойынша оларға бекiтiлiп берiлген өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) 1993 жылғы 1 шiлдеге дейiн анықтасын. Қолданылып жүрген нормативтiк-техникалық құжаттамаларда мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмге (жұмысқа, қызмет көрсетуге) талап қойылмаған кезде, олар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқарма келiсiмiмен айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқармамен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсе отырып, 1993 жылғы 1 тамызға дейiн мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмге кедендiк бақылау тәртiбiн бекiтсiн.
6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттiк автомобиль инспекциясы органдарында заңды және жеке тұлғалар импорттайтын жаңа және ұсталған автомобильдердi техникалық және экологиялық қауiпсiздiкке арналған сертификаты ұсынылмаған болса, оларды кедендiк ресiмдеу мен есепке қоюға тыйым салсын.
Ескерту. Қаулы жаңа 6-тармақпен толықтырылды, 6-тармақ
тиiсiнше 7-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң
1996.04.29. N 529 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқарма мен оның
аумақтық органдары облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының
әкiмдерiмен бiрлесiп 1993 жылғы 1 шiлдеге дейiн тиiстi
облыстардың аумағында мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдерге
(жұмыстарға, қызмет көрсетуге) талаптың орындалуын қамтамасыз
ету жөнiндегi бiрлескен жұмыс жоспарын әзiрлейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 20 мамырдағы
N 411 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн, алынатын және
оның аумағына әкелiнетiн, бiрiншi кезекте мiндеттi түрде
сертификаттауға тиiстi бiртектi өнiмдер (жұмыс, қызмет)
тобының
Тiзбесi
Ескерту. Тiзбе атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09.
13. N 1259 қаулысымен.
Балаларға арналған тауарлар
Iшетiн су
Тамақ түрлерi, ауыл шаруашылығы өндiрiсi мен жемшөп өнiмдерi
Медициналық техника
Дәрiлiк препараттар мен өсiмдiктер
Терiнiң, тағам өнiмдерiнiң және iшетiн судың қосылуынан
шығарылатын халық тұтынатын тауарлар
Отын шикiзаты
Тұрмыстық химия тауарлары
Парфюмерия, косметика
Улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар
Тұрмыстық қолданыстағы машина жасау және аспап жасау
өнiмдерi
Ауыл шаруашылық техникасы
Жол және құрылыс машиналары
Жеке қорғаныс заттары
Электромагниттiк сыйысымдылығы мен қауiпсiздiгi сынақтан
өткiзiлетiн электротехникалық, радиотехникалық, электронды
бұйымдар
Құрылыс материалдары және конструкциялар
Байланыс құралдары
Өрт пен жарылыс қаупi бар заттар, олардан жасалған
материалдар мен бұйымдар
Ұшу құралдары, олардың құрамдас бөлiктерi және әуе көлiгiн
пайдалану
Азаматтық теңiз кемелерi, өзен және шағын көлемдi кемелер,
кемедегi тоңазытқыш қондырғылары, жүк көтергiштер мен
контейнерлер, кеме жасауда қолданылатын материалдар мен
бұйымдар
Темiр жол құрамы, жол, энергетика, белгi беру және байланыс
қондырғылары
Автомобиль көлiгi
Тау-кен құралдары, кенiштiк электр бұйымдары, қопарғыш
заттар мен қопару жұмыстарына қажеттi тетiктер, қысымды
ыдыстар мен жүк көтеретiн машиналар
Атом энергетикасы объектiлерiнiң жүйесiне кiретiн құралдар
мен қауiптi негiздi өндiрiс