Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 411 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 сәуiр N 529. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.15. N 1260 қаулысымен. ~P971260

      Республикадағы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ импортталатын автомобильдердi техникалық және экологиялық қауiпсiздiкке мiндеттi сертификаттаудан өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасында өнiмдi (жұмысты, қызмет көрсетудi) мiндеттi сертификаттауды кезеңiмен енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 411 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 18, 216-бап) мынадай толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн:
      Мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттiк автомобиль инспекциясы органдарында заңды және жеке тұлғалар импорттайтын жаңа және ұсталған автомобильдердi техникалық және экологиялық қауiпсiздiкке арналған сертификаты ұсынылмаған болса, оларды кедендiк ресiмдеу мен есепке қоюға тыйым салсын";
      6-тармақ 7-тармақ болып саналсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады