Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 25 маусым 1993 ж. N 540. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен. ~P020665

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы" 1993 жылдың 9 қаңтарындағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық

университетiнiң Қамқоршылар кеңесi құрылсын.
     2. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық 
университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы Ереже (N 1 қосымша)
және оның жеке құрамы (N 2 қосымша) бекiтiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 25 маусымдағы
                                         N 540 қаулысына
                                            N 1 қосымша
     
            Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық
             университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы
                             Ереже
     
                   I. Жалпы ережелер
     


      1. Бұл Ереже Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi Қамқоршылар кеңесiнiң (бұдан былай - Қамқоршылар кеңесi) негiзгi мақсаты мен қызмет аясы, ұйымдық құрылымы, сондай-ақ атқарар функциясы hәм құқы мен мiндеттерiн айқындайтын бiрден-бiр құжат.
      2. Қамқоршылар кеңесi университет жұмысын қоғам мүддесiмен келiстiру, университетке қаржылай көмек көрсету, оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн құрылды.
      3. Қамқоршылар кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, Премьер-министрдiң өкiмдерi мен осы Ереженi басшылыққа алады.

             II. Қамқоршылар кеңесiнiң мақсаты мен
                        мiндеттерi

      4. Қамқоршылар кеңесiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн университеттiң интеллектiлiк мүмкiндiгiн тиiмдi пайдалану, сондай-ақ университеттiң бұдан былай да дами беруiне жәрдемдесу, оған қажеттi материалдық немесе ұйымдастырушылық көмек көрсету болып табылады.
      5. Осы басты мақсатқа жету үшiн Қамқоршылар кеңесi төмендегiдей негiзгi мiндеттердi алға қояды:
      университетте жоғары бiлiм саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру;
      университет дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау;
      университеттiң дүниежүзiлiк бiлiм беру жүйесiне енуiне атсалысу;
      бiрiншi кезекте фундаментальдық ғылым мен жаңа технологиялардың басым бағыттарына қолдау көрсету;
      ерекше қабiлеттiлiк көрсеткен азаматтардың сапалы жоғары бiлiм алуына жәрдемдесу;
      ҚазМҰУ-дың студенттер, профессорлар мен оқытушылар құрамына,

олардың интеллектiлiк және мәдени дамуының сұраныстарын 
қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасау;
     негiзгi қызметтiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi
заңға қайшы келмейтiн басқа да функцияларды iске асыру.
     6. Қамқоршылар кеңесi университет жұмысына:
     университет басшылығымен, оның бөлiмшелерiмен, оқытушылармен,
студенттермен және қызметкерлермен тұрақты жұмыс байланысын жасап 
тұру;
     университеттiк iс-шаралар өткiзуге қатысу;
     университет қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау арқылы
қатыса алады.
               III. Қамқоршылар кеңесiнiң құқықтары
     
     7. Қамқоршылар кеңесiнiң:
     халықаралық деңгейде мамандар даярлау саласындағы 
университеттiң қызмет бағытын анықтауға;


      университеттiң кадрлар әлеуетiн, материалдық және әлеуметтiк базасын күшейтуге, оның халықаралық байланыстарын дамытуға, Қазақстанның дамуының өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге бағытталған ұсыныстар енгiзуге;
      демеушiлiк көмектiң, оның iшiнде шетел демеушiлерiнiң көрсеткен көмегiнiң бағыты мен тиiмдi пайдаланылуын бақылауға;
      тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiлген өндiрiстiк және басқа да объектiлердiң тиiмдi пайдаланылуын тексеруге;
      университет қызметiнде орын алған кемшiлiктер бойынша ескертпелер айтуға, оларды жою жолдарын көрсетуге құқылы.

                    IV. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамы,
                         құрылымы және функциясы

      8. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына:
      мемлекеттiк мекемелердiң, басқару органдарының;
      кәсiпорындар мен инвестор-ұйымдардың (концерндер, акционерлiк қоғамдар, ассоциациялар, банктер, бiрлескен кәсiпорындар, бiрлестiктер);
      мамандарға сұранысы барлар мен университетке ол жөнiнде тапсырыс бергендердiң;
      жинақ кассасына ақша салған жеке адамдардың;
      қоғамдық ұйымдар, қорлар, ассоциациялар мен қозғалыстардың;
      шет мемлекеттердегi және Қазақстандағы ұйымдар мен әрiптес оқу орындарының өкiлдерi ене алады.
      9. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамы 5 жыл мерзiмге бекiтiледi. Қажет болған жағдайда Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына оның президиумының шешiмiмен жекелеген өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
      10. Қамқоршылар кеңесiнiң мәжiлiсiнде сайланған төраға Кеңестiң басшысы болып табылады. Кеңес төрағасы кеңес атынан арнаулы өкiлетсiз-ақ iс-әрекет жасайды. Кеңес атынан университет, мемлекеттiк органдармен және басқа да барлық жауапты адамдармен қарым-қатынаста болады. Төраға Кеңес жұмысын Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырып, iске асыруды қамтамасыз етедi.
      11. Кеңес төрағасының орынбасарлары Кеңес төрағасының ұсынысы бойынша сайланады. Университет ректоры Қамқоршылар кеңесiне төраға орынбасарларының бiрiнiң құқығымен енедi. Орынбасарларының құзырларын төраға айқындайды.
      12. Кеңестiң жауапты хатшысы Кеңес төрағасының ұсынысы бойынша сайланады. Ол Кеңестiң iс-қағаздарын жүргiзуге, оның мүшелерiнiң қызметiн үйлестiруге жауап бередi.
      13. Қызметтi ұйымдастыруды үйлестiру және тiкелей басқаруды iске асыру үшiн тұрақты негiзде Қамқоршылар кеңесiнiң ұсынуымен құрамында Кеңес төрағасы, оның орынбасарлары, университет ректоры, Кеңестiң жауапты хатшысы және Кеңестiң үш мүшесi бар Қамқоршылар кеңесiнiң Президиумы құрылады.
      14. Кеңестiң мәжiлiстерi оның жұмыс жоспарына сәйкес, кемiнде

жылына бiр рет өткiзiледi. Жоспардан тыс мәжiлiстер қажеттiгiне
қарай Кеңес төрағасының шешiмiмен немесе Кеңес мүшелерiнiң төрттен
бiрiнiң талабы бойынша өткiзiледi. Қамқоршылар кеңесiнiң 
мәжiлiсiне оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысуға тиiс.
     15. Кеңес шешiмдерi мәжiлiске қатысушы Кеңес мүшелерiнiң
көпшiлiк даусымен қабылданады.
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 25 маусымдағы
                                          N 540 қаулысына
                                            N 2 қосымша
     
          Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық        
          университетi Қамқоршылары кеңесiнiң құрамы 
<*>

Назарбаев Н.Ә.      - Қазақстан Республикасының Президентi, 
                      Қамқоршылар кеңесiнiң құрметтi төрағасы
                      (келiсiмi бойынша)
Тасмағамбетов И.Н.  - Қазақстан Республикасы Премьер-
                      Министрiнiң орынбасары, аталған Кеңестiң
                      төрағасы;
Нәрiбаев К.Н.       - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық
                      университетiнiң ректоры, Кеңес төрағасының
                      орынбасары;
Мансұров З.А.       - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық
                      университетiнiң проректоры, Кеңестiң
                      жауапты хатшысы болып;
     Аталған Кеңестiң мүшелерi болып:
Әбiшев С.Ж.         - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс
                      басқарушысы (келiсiмi бойынша);
Алшанов Р.          - "Тұран-Азия" холдинг-орталығының президентi;
Досмұхамбетов Т.М.  - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
                      мен спорт министрi;
Жандосов О.Ә.       - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
                      төрағасы (келiсiмi бойынша);
Жұрынов М.Ж.        - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi;
Қалабаев Н.Б.       - Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының
                      Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң сектор
                      меңгерушiсi;
Кох Карл Хайнц      - профессор, Көмек қорының президентi (Бельгия)
                      (келiсiмi бойынша);
Нәбиев Ж.Ж.         - "Қазақстан-Коммерция" акционерлiк
                      компаниясының президентi (келiсiмi бойынша);
Құлмаханов Ш.       - Алматы қаласының әкiмi;
Павлов А.С.         - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi;
Сұбханбердин Н.С.   - "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкi
                      басқармасының төрағасы;
Тоқаев Қ.К.         - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
                      министрi;
Хедлоу Мартин       - ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы
                      өкiлi (келiсiмi бойынша);
Школьник В.С.       - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi -
                      Ғылым академиясының президентi;
Шөкеев О.Е.         - Қазақстан Республикасының Экономика
                      министрi;
Сәрсенбаев А.С.     - Қазақстан Республикасының Баспасөз және 
                      бұқаралық ақпарат iсi жөнiндегi ұлттық
                      агенттiгiнiң төрағасы (келiсiмi бойынша)
<*>

Зана Е.Н.           - "Теңiзшевройл" бiрiккен мекемесiнiң бас
                      директоры (АҚШ) (келiсiмi бойынша)
<*>

Тайсон Дж.М.        - "Солтүстiк-батыс сулары" фирмасының қоршаған 
                      ортаны қорғау менеджерi (Ұлыбритания) 
                      (келiсiмi бойынша).
      Ескерту. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына өзгерiс енгiзiлдi -
               ҚРКМ-нiң 16.05.1994 ж., N 525 қаулысымен. 
      Ескерту. Құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.20.
               N 615 қаулысымен.  

P960615_

 
      ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.18. N 1400 
                

P961400_

  қаулысымен.
      
      


О Совете попечителей Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 июня 1993 года N 540. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 17 июня 2002 г. N 665 ~P020665

      В соответствии с постановлением Президента Республики Казахстан от 9 января 1993 г. K931059_ "О статусе Казахского государственного университета им. Аль-Фараби" Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать Совет попечителей Казахского государственного

национального университета им. Аль-Фараби.
     2. Утвердить Положение о Совете попечителей Казахского 
государственного национального университета им. Аль-Фараби (приложение
N 1) и его персональный состав (приложение N 2).
   Премьер-министр
 Республики Казахстан
                                         Приложение N 1
                              к постановлению Кабинета Министров
                                      Республики Казахстан
                                    от 25 июня 1993 г. N 540
                        ПОЛОЖЕНИЕ
      о Совете попечителей Казахского государственного
          национального университета им. Аль-Фараби
                  I. Общие положения


      1. Настоящее Положение определяет цели и задачи, организационную структуру, а также основные функции, права и обязанности Совета попечителей Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби (в дальнейшем - Совет попечителей).
      2. Совет попечителей создается для согласования деятельности университета с интересами общества, обеспечения финансовой поддержки, укрепления материально-технической базы университета.
      3. В своей деятельности Совет попечителей руководствуется законами Республики Казахстан, указами, постановлениями и распоряжениями Президента Республики Казахстан, постановлениями Кабинета Министров Республики Казахстан, распоряжениями Премьер-министра и настоящим Положением.

                  II. Цели и задачи Совета попечителей

      4. Основной целью Совета попечителей является эффективное использование в интересах Республики Казахстан интеллектуального потенциала университета, а также содействие дальнейшему развитию университета, оказание ему необходимой материальной и организационной помощи.
      5. Для достижения указанной цели выдвигаются следующие основные задачи:
      реализация в университете государственной политики в области высшего образования;
      определение стратегии и тактики развития университета;
      содействие вхождению университета в мировую образовательную систему;
      первоочередная поддержка фундаментальной науки и приоритетных направлений в разработке новых технологий;
      содействие в получении элитарного высшего образования гражданам, проявившим особые способности;
      создание оптимальных условий для студентов и профессорско-преподавательского состава КазГУ в целях удовлетворения их потребностей в интеллектуальном и культурном развитии;
      осуществление иных функций, необходимых для обеспечения

основной деятельности, не противоречащих законодательству.
     6. Совет попечителей принимает участие в деятельности университета 
путем:
     постоянных рабочих контактов с руководством университета, его
подразделениями, преподавателями, студентами и сотрудниками;
     участия в проведении университетских мероприятий;
     выработки рекомендаций по совершенствованию деятельности
университета.
                III. Права Совета попечителей
     7. Совет попечителей имеет право:
     определять направления деятельности университета в области
подготовки специалистов международного уровня;


      вносить предложения, направленные на усиление его кадрового потенциала, материальной и социальной базы, развитие международных связей университета, на проведение научных исследований по актуальным проблемам развития Казахстана;

     контролировать направление и эффективность использования
спонсорской помощи, в том числе оказанной иностранными спонсорами;
     проверять эффективность использования производственных и иных
объектов, передаваемых в постоянное или временное пользование;
     высказывать замечания по обнаруженным недостаткам в деятельности
университета, предлагать пути их устранения.
             IV. Состав, структура и функционирование
                       Совета попечителей
     8. В состав Совета попечителей могут входить представители:
     государственных учреждений, органов управления;
     предприятий и организаций-инвесторов (концерны, акционерные
общества, ассоциации, банки, СП, объединения);
     потребителей специалистов и заказчиков университета;
     индивидуальных вкладчиков;
     общественных организаций, фондов, ассоциаций и движений;
     организаций и учебных заведений-партнеров Казахстана
и зарубежных государств.


      9. Состав Совета попечителей утверждается сроком на 5 лет. По мере необходимости решением Президиума Совета попечителей в состав Совета попечителей могут вноситься отдельные изменения.
      10. Руководителем Совета является его председатель, избираемый на заседании Совета попечителей. Председатель действует от имени Совета без специальных полномочий, представляет Совет перед университетом, государственными органами и всеми другими лицами. Председатель организует работу Совету и обеспечивает его деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.
      11. Заместители председателя избираются Советом попечителей по предложению председателя. Ректор университета входит в Совет попечителей на правах одного из заместителей председателя. Компетенцию заместителей определяет председатель.
      12. Ответственный секретарь избирается Советом по предложению председателя. Он отвечает за ведение делопроизводства Совета, координацию деятельности его членов.
      13. Для осуществления оперативного руководства и координации текущей деятельности на постоянной основе создается Президиум Совета попечителей в составе: председателя, его заместителей, ответственного секретаря и трех членов Совета, рекомендованных Советом попечителей.
      14. Заседания Совета проводятся в соответствии с планом его работы, но не реже одного раза в год. Внеплановые заседания проводятся по мере необходимости по решению председателя Совета или по требованию одной четверти членов Совета. На заседании Совета попечителей должны присутствовать более половины его членов.
      15. Решения Совета принимаются простым большинством от числа присутствующих на заседании членов Совета попечителей.
                                     Приложение N 2

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 июня 1993 г. N 540


                             СОСТАВ

          Совета попечителей Казахского государственного
           национального университета им. Аль-Фараби 
<*>

     Сноска. Состав изменен постановлениями Кабинета Министров
Республики Казахстан от 16 мая 1994 г. N 525; от 20 мая 1966 г. N 615;
от 18 ноября 1996 г. N 1400  

P961400_

 .
Назарбаев Н.А.     - Президент Республики Казахстан, почетный
                     председатель Совета попечителей
                     (по согласованию)
Тасмагамбетов И.Н. - Заместитель Премьер-министра Республики
                     Казахстан, председатель
Нарикбаев К.       - ректор Казахского государственного
                     национального университета имени Аль-Фараби,
                     заместитель председателя
Мансуров З.А.      - проректор Казахского государственного
                     национального университета имени Аль-Фараби,
                     ответственный секретарь
               Члены Совета:
Абишев С.Ж.        - Управляющий Делами Президента Республики
                     Казахстан (по согласованию)
Алшанов Р.         - президент холдинг-центра "Туран-Азия"
Жукеев Т.Т.        - Заместитель Премьер-министра Республики
                     Казахстан
Жандосов У.А.      - Председатель Национального Банка
                     Республики Казахстан (по согласованию)
Павлов А.С.        - Министр финансов Республики Казахстан
Калабаев Н.Б.      - заведующий сектором Отдела социально-
                     культурного развития Аппарата Правительства
                     Республики Казахстан
Шукеев О.Е.        - Министр экономики Республики Казахстан
Кох Карл Хайнц     - профессор, президент Фонда помощи
                     (Бельгия) (по согласованию)
Набиев Ж.Ж.        - президент акционерной компании
                     "Казахстан-коммерция" (по согласованию)
Найманбаев К.Н.    - первый секретарь Союза писателей Республики
                     Казахстан
Кулмаханов Ш.      - аким г. Алматы
Субханбердин Н.С.  - председатель правления акционерного банка
                     "Казкоммерцбанк"
Токаев К.К.        - Министр иностранных дел Республики Казахстан
Хедлоу Мартин      - представитель ЮНЕСКО в Республике
                     Казахстан (по согласованию)
Школьник В.С.      - Министр науки - президент Академии наук
                     Республики Казахстан
Тасмагамбетов И.Н. - председатель Государственного комитета 
                     Республики Казахстан по делам молодежи
                   - президент Республиканской контрактной
                     корпорации "Казконтракт"
Досмухамбетов Т.М. - Министр по делам молодежи, туризма и спорта
                     Республики Казахстан
Журинов М.Ж.       - Министр образования Республики Казахстан
Сарсенбаев А.С.    - Председатель Национального агентства по
                     делам печати и массовой информации
                     Республики Казахстан (по согласованию)
Зану Е.Н.          - генеральный директор СП "Тенгизшевройл"
                     (США) (по согласованию)
Тайсон Дж.М.       - менеджер по защите окружающей среды
                     фирмы "Северо-Западные воды"
                     (Великобритания) (по согласованию)