1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық
университетiнiң Қамқоршылар кеңесi құрылсын. 2. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы Ереже (N 1 қосымша) және оның жеке құрамы (N 2 қосымша) бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 540 қаулысына N 1 қосымша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы Ереже I. Жалпы ережелер
1. Бұл Ереже Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi Қамқоршылар кеңесiнiң (бұдан былай - Қамқоршылар кеңесi) негiзгi мақсаты мен қызмет аясы, ұйымдық құрылымы, сондай-ақ атқарар функциясы hәм құқы мен мiндеттерiн айқындайтын бiрден-бiр құжат.
2. Қамқоршылар кеңесi университет жұмысын қоғам мүддесiмен келiстiру, университетке қаржылай көмек көрсету, оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн құрылды.
3. Қамқоршылар кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, Премьер-министрдiң өкiмдерi мен осы Ереженi басшылыққа алады.
II. Қамқоршылар кеңесiнiң мақсаты мен
мiндеттерi
4. Қамқоршылар кеңесiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн университеттiң интеллектiлiк мүмкiндiгiн тиiмдi пайдалану, сондай-ақ университеттiң бұдан былай да дами беруiне жәрдемдесу, оған қажеттi материалдық немесе ұйымдастырушылық көмек көрсету болып табылады.
5. Осы басты мақсатқа жету үшiн Қамқоршылар кеңесi төмендегiдей негiзгi мiндеттердi алға қояды:
университетте жоғары бiлiм саласындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру;
университет дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау;
университеттiң дүниежүзiлiк бiлiм беру жүйесiне енуiне атсалысу;
бiрiншi кезекте фундаментальдық ғылым мен жаңа технологиялардың басым бағыттарына қолдау көрсету;
ерекше қабiлеттiлiк көрсеткен азаматтардың сапалы жоғары бiлiм алуына жәрдемдесу;
ҚазМҰУ-дың студенттер, профессорлар мен оқытушылар құрамына,
олардың интеллектiлiк және мәдени дамуының сұраныстарын қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасау; негiзгi қызметтiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi заңға қайшы келмейтiн басқа да функцияларды iске асыру. 6. Қамқоршылар кеңесi университет жұмысына: университет басшылығымен, оның бөлiмшелерiмен, оқытушылармен, студенттермен және қызметкерлермен тұрақты жұмыс байланысын жасап тұру; университеттiк iс-шаралар өткiзуге қатысу; университет қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау арқылы қатыса алады. III. Қамқоршылар кеңесiнiң құқықтары 7. Қамқоршылар кеңесiнiң: халықаралық деңгейде мамандар даярлау саласындағы университеттiң қызмет бағытын анықтауға;
университеттiң кадрлар әлеуетiн, материалдық және әлеуметтiк базасын күшейтуге, оның халықаралық байланыстарын дамытуға, Қазақстанның дамуының өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге бағытталған ұсыныстар енгiзуге;
демеушiлiк көмектiң, оның iшiнде шетел демеушiлерiнiң көрсеткен көмегiнiң бағыты мен тиiмдi пайдаланылуын бақылауға;
тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiлген өндiрiстiк және басқа да объектiлердiң тиiмдi пайдаланылуын тексеруге;
университет қызметiнде орын алған кемшiлiктер бойынша ескертпелер айтуға, оларды жою жолдарын көрсетуге құқылы.
IV. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамы,
құрылымы және функциясы
8. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына:
мемлекеттiк мекемелердiң, басқару органдарының;
кәсiпорындар мен инвестор-ұйымдардың (концерндер, акционерлiк қоғамдар, ассоциациялар, банктер, бiрлескен кәсiпорындар, бiрлестiктер);
мамандарға сұранысы барлар мен университетке ол жөнiнде тапсырыс бергендердiң;
жинақ кассасына ақша салған жеке адамдардың;
қоғамдық ұйымдар, қорлар, ассоциациялар мен қозғалыстардың;
шет мемлекеттердегi және Қазақстандағы ұйымдар мен әрiптес оқу орындарының өкiлдерi ене алады.
9. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамы 5 жыл мерзiмге бекiтiледi. Қажет болған жағдайда Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына оның президиумының шешiмiмен жекелеген өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
10. Қамқоршылар кеңесiнiң мәжiлiсiнде сайланған төраға Кеңестiң басшысы болып табылады. Кеңес төрағасы кеңес атынан арнаулы өкiлетсiз-ақ iс-әрекет жасайды. Кеңес атынан университет, мемлекеттiк органдармен және басқа да барлық жауапты адамдармен қарым-қатынаста болады. Төраға Кеңес жұмысын Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырып, iске асыруды қамтамасыз етедi.
11. Кеңес төрағасының орынбасарлары Кеңес төрағасының ұсынысы бойынша сайланады. Университет ректоры Қамқоршылар кеңесiне төраға орынбасарларының бiрiнiң құқығымен енедi. Орынбасарларының құзырларын төраға айқындайды.
12. Кеңестiң жауапты хатшысы Кеңес төрағасының ұсынысы бойынша сайланады. Ол Кеңестiң iс-қағаздарын жүргiзуге, оның мүшелерiнiң қызметiн үйлестiруге жауап бередi.
13. Қызметтi ұйымдастыруды үйлестiру және тiкелей басқаруды iске асыру үшiн тұрақты негiзде Қамқоршылар кеңесiнiң ұсынуымен құрамында Кеңес төрағасы, оның орынбасарлары, университет ректоры, Кеңестiң жауапты хатшысы және Кеңестiң үш мүшесi бар Қамқоршылар кеңесiнiң Президиумы құрылады.
14. Кеңестiң мәжiлiстерi оның жұмыс жоспарына сәйкес, кемiнде
жылына бiр рет өткiзiледi. Жоспардан тыс мәжiлiстер қажеттiгiне қарай Кеңес төрағасының шешiмiмен немесе Кеңес мүшелерiнiң төрттен бiрiнiң талабы бойынша өткiзiледi. Қамқоршылар кеңесiнiң мәжiлiсiне оның мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысуға тиiс. 15. Кеңес шешiмдерi мәжiлiске қатысушы Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 540 қаулысына N 2 қосымша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi Қамқоршылары кеңесiнiң құрамы <*> Назарбаев Н.Ә. - Қазақстан Республикасының Президентi, Қамқоршылар кеңесiнiң құрметтi төрағасы (келiсiмi бойынша) Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары, аталған Кеңестiң төрағасы; Нәрiбаев К.Н. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң ректоры, Кеңес төрағасының орынбасары; Мансұров З.А. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң проректоры, Кеңестiң жауапты хатшысы болып; Аталған Кеңестiң мүшелерi болып: Әбiшев С.Ж. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқарушысы (келiсiмi бойынша); Алшанов Р. - "Тұран-Азия" холдинг-орталығының президентi; Досмұхамбетов Т.М. - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм мен спорт министрi; Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы (келiсiмi бойынша); Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi; Қалабаев Н.Б. - Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi; Кох Карл Хайнц - профессор, Көмек қорының президентi (Бельгия) (келiсiмi бойынша); Нәбиев Ж.Ж. - "Қазақстан-Коммерция" акционерлiк компаниясының президентi (келiсiмi бойынша); Құлмаханов Ш. - Алматы қаласының әкiмi; Павлов А.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi; Сұбханбердин Н.С. - "Қазкоммерцбанк" акционерлiк банкi басқармасының төрағасы; Тоқаев Қ.К. - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi; Хедлоу Мартин - ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы өкiлi (келiсiмi бойынша); Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi; Шөкеев О.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi; Сәрсенбаев А.С. - Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iсi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң төрағасы (келiсiмi бойынша) <*> Зана Е.Н. - "Теңiзшевройл" бiрiккен мекемесiнiң бас директоры (АҚШ) (келiсiмi бойынша) <*> Тайсон Дж.М. - "Солтүстiк-батыс сулары" фирмасының қоршаған ортаны қорғау менеджерi (Ұлыбритания) (келiсiмi бойынша). Ескерту. Қамқоршылар кеңесiнiң құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРКМ-нiң 16.05.1994 ж., N 525 қаулысымен. Ескерту. Құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.20. N 615 қаулысымен. P960615_ ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.18. N 1400 P961400_ қаулысымен.