Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1138 қаулысын. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291
U931291_
Жарлығын орындау, газ саласының дамытылуын тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазақгаз" ұлттық газ компаниясының кәсiпорындары негiзiнде "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай "Қазақгаз" компаниясы) құрылсын.
2. "Қазақгаз" компаниясы қайта құрылған "Қазақгаз" ұлттық газ компаниясының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
3. "Қазақгаз" компаниясы қызметiнiң негiзгi мақсаты республиканың отын-энергетика кешенiн дамыту, шетелдiк инвесторларды тарту, өндiрiстi көп салалы етiп дамыту мен коммерциялау деп белгiленсiн және оған:
"Қазақгаз" компаниясының құрамына кiретiн көмiрсутегi шикiзатын барлаумен, өндiрумен, тасымалдаумен және ұқсатумен, оның iшiнде ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырумен жобаларды сараптау мен оларды бекiтудi белгiленген тәртiппен жүргiзу шұғылданатын кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру;<*>
мемлекет мұқтажы үшiн мемлекетаралық келiсiмдер бойынша газ бен конденсат берiлiп тұруын және белгiленген тәртiппен бөлiнген квоталар мен лицензияларды сату жолымен экспортқа шығарылуын бақылау;
ұзақ мерзiмдi болжамдар, мақсатты ғылыми-техникалық, экономикалық бағдарламалар әзiрлеу, озық технологияларды енгiзу, газ саласын, соның iшiнде шетелдiк әрiптестердi қатыстыра отырып, тиiмдi де кешендi дамыту;
мұнай мен газ жөнiндегi ұлттық ғылыми мектептi дамыту, мұнай мен газ өндiру, өңдеу саласында халықаралық деңгейдегi мамандар даярлау жүктелсiн.
Ескерту. 3-тармақтың екiншi абзацында сөздер ауыстырылған -
ҚРМК-нiң 1994 ж. 8 желтоқсандағы N
1395
қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, "Қазақгаз" ұлттық газ компаниясымен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде құрамында осы қаулыға қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бiрлестiктер, кәсiпорындар және ұйымдар болатын "Қазақгаз" компаниясын құру жөнiндегi құжаттар пакетiн қабылдасын, онда заңда белгiленген тәртiппен "Қазақгаз" компаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану мен басқару құқығын "Қазақгаз" компаниясына табыстау көзделсiн. Мемлекеттiк кәсiпорындардың акционерленуiне қарай, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II-кезең) арналған Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялар пакеттерiнен басқа акциялардың мемлекеттiк пакетi "Қазақгаз" компаниясының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
5. "Қазақгаз" басшыларын тағайындау мен бекiту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру барысында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
6. "Қазақгаз" компаниясының орналасатын жерi Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы болып белгiленсiн.
7. Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Табиғи газ бен газ конденсатын барлау, шығару, тасымалдау және өңдеу жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк "Қазақгаз" концернi туралы" 1991 жылғы 11 қазандағы N 601 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 9 қыркүйектегi
N 851 қаулысына
қосымша
"Қазақгаз"мемлекеттiк холдинг компаниясының
құрамына кiретiн кәсiпорындардың
ТIЗБЕСI
"Карачаганакгазпром" мемлекеттiк кәсiпорны
"Қазаққұрылысгаз" мемлекеттiк кәсiпорны*
"Казахбургаз" мемлекеттiк кәсiпорны*
"Заказстройгаз" мемлекеттiк кәсiпорны
"Казахгазсвязь" мемлекеттiк кәсiпорны*
"Сарыарқагаз"мемлекеттiк кәсiпорны
"Қазақгазқамту" мемлекеттiк кәсiпорны"
"Актаутрансгаз" мемлекеттiк кәсiпорны
"Актобетрансгаз" мемлекеттiк кәсiпорны
"Жаиктрансгаз" мемлекеттiк кәсiпорны
"Кустанайтрансгаз" мемлекеттiк кәсiпорны
"Уральсктрансгаз" мемлекеттiк кәсiпорны
"Қазақгазжобалау" жобалау институты*
"Қазақгаз" компаниясының мемлекеттiк өндiрiстiк сауда
басқармасы
"Оян" мемлекеттiк кәсiпорны (кеңшары)
Ақтөбе облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi
(Ақтөбеоблгаз), Ақтөбе қаласы<*>
Атырау облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi
(Атырауоблгаз), Атырау қаласы <*>
Батыс Қазақстан облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi
(Оралоблгаз), Орал қаласы <*>
Маңғыстау облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi
(Маңғыстауоблгаз), Ақтау қаласы <*>
Қостанай облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi
(Қостанайоблгаз), Қостанай қаласы <*>
Ескерту. Қосымшаға өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.03.16. N
275
қаулысымен.
-------------
* Бұл кәсiпорындарды қайта құру кезiнде олардың заңды атауларынан "Қазақ" аты алынып тасталатын болады.