"Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 17 қыркүйек N 907. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.14. N 1725 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Кен-металлургия кешенiн мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1287 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
      2. Компания басқармасының орналасатын жерi Жезқазған қаласы болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      осы қаулыға тiркелген қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың құрамында Компанияны құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн;
      Компанияға кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылып, Компанияның құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын беретiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру барысына қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялардың пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Компанияның иеленуi, пайдалануы және басқаруына берiлетiн болсын.
      4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаттары мыналар деп белгiленсiн:
      мыс өндiру өндiрiс саласында жұмыс iстейтiн кен-металлургия, кен өндiру, машина жасау кәсiпорындарының қызметiн үйлестiру;
      түстi металдар өндiру және олардан өнiм алу, кен базасын дамыту, кен өндiру өнеркәсiбi үшiн машина жасауды дамыту, өндiрiстi техникалық жағынан қайта жарақтандыру, тамақ өнiмдерi мен көпшiлiк қолды тауарлар өндiру, айналадағы ортаны қорғау жөнiнде аса маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалар жасау және оларды мемлекеттiк инвестициялау;
      Компания кәсiпорындары өндiретiн өнiмдi экспортқа шығару үшiн берiлетiн лицензияларды келiсу;
      қатысушылардың Жарғы қорына қосқан жарналарының мөлшерiнде қаржы ресурстарын шоғырландыру, оларды тиiмдi пайдаланудың стратегиясы мен ұтымды мүмкiндiктерiн айқындау;
      қатысушы кәсiпорындарды нығайту қажет болған кезде қаржылай көмек беру;
      түрлi акционерлiк қоғамдар құру, акциялар және басқа бағалы қағаздар шығару, оларды iшкi және сыртқы нарықтарда өткiзу;
      кәсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      Компанияның құрамына кiрген кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және бекiту;
      еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өз өкiлдерiн тағайындау.
      5. Компания бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың басшылығын өз орнында қалдырып, олардың Байқаушы кеңестерiнiң құрамына өз өкiлдерiн тағайындайтын болсын.
      6. Еншiлес қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң дивидендтерi алғашқы үш қаржы жылы iшiнде, Компанияның аппаратын ұстауға арнап бөлiнетiн қаржыны қоспағанда, олардың өндiрiсiн дамытуға бағытталады.
      7. "Жезқазғантүстiметалл" акционерлiк қоғамының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң белгiленген тәртiбi Компанияның аппаратына қолданылатын болсын.
      8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк қоғамы Компанияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияның Байқаушы кеңесiнiң дербес құрамы және оның президентi қызметiне кандидатура жөнiнде ұсыныс енгiзетiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитетi 
"Жезқазғантүстiметалл" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп қолда бар 
ресурстар есебiнен Компанияға қажеттi қызмет үй-жайларын, 
техникалық құралдарды, телефон мен телекс байланысы арналарын 
бөлетiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 17 қыркүйектегi
                                          N 907 қаулысына
                                           Қосымша
            "Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниясына
                    енетiн кәсiпорындардың
                             Тiзбесi
"Жезқазғантүстiметалл" акционерлiк қоғамы, Жезқазған қаласы
"Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгi, Балқаш қаласы
"Массагет" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы

<*>
<*>
Жезқазған құс шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгi, Жезқазған қаласы Бозшакөл, Ақтоғай, Айдарлы, Жыланды, Бөрiлi, Қаратас және Шатыркөл кен орындарының негiзiнде салынып жатқан кәсiпорындар "Гея" ұжымдық өнеркәсiп-сауда кәсiпорны, Жезқазған қаласы
      Ескерту. Қосымшадан кәсiпорындар алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1995.10.23. N 1375 қаулысымен.

О Государственной холдинговой компании "Казахмыс"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 сентября 1993 года N 907. Утратило силу постановлением Пpавительства РК от 14 декабpя 1995 г. N 1725 ~P951725.

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 23 июня 1993 г. N 1287 "О совершенствовании государственного регулирования горно-металлургическим комплексом" Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать Государственную холдинговую компанию "Казахмыс" (в дальнейшем - Компания).
      2. Определить местонахождение правления Компании в г. Жезказгане.
      3. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу:
      в месячный срок подготовить пакет учредительных документов по созданию Компании в составе государственных предприятий, организаций и акционерных обществ согласно приложению;
      делегировать Компании права владения, пользования и управления государственным имуществом предприятий и организаций и государственными пакетами акций ранее созданных акционерных обществ, включенных в состав Компании.
      По мере акционирования государственных предприятий и организаций передавать Компании во владение, пользование и управление государственные пакеты акций акционерных обществ, за исключением пакетов акций, реализуемых Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу в порядке, предусмотренном Нацональной программой разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап).
      4. Определить основными целями деятельности Компании:
      координацию деятельности горно-металлургических, горнодобывающих, машиностроительных предприятий, работающих в сфере производства медной подотрасли;
      составление важнейших научно-технических программ по производству цветных металлов и продукции из них, развитию рудной базы, машиностроения для горнодобывающей промышленности, техническому перевооружению производства, производству продуктов питания и товаров массового спроса, охране окружающей среды и их государственному инвестированию;
      согласование лицензий на экспорт продукции, производимой предприятиями Компании;
      концентрацию финансовых ресурсов участников в размерах их взносов в Уставный фонд, определение стратегии и оптимальных условий их эффективного использования;
      предоставление финансовой помощи при необходимости санирования предприятий-участников;
      учреждение акционерных обществ различных видов, выпуск акций и других ценных бумаг, реализация их на внутреннем и внешнем рынках;
      осуществление координации внешнеэкономической деятельности предприятий;
      назначение и утверждение руководителей предприятий, вошедших в состав Компании;
      формирование наблюдательных советов дочерних обществ и предприятий, назначение в них своих представителей.
      5. Компании назначить своих представителей в составы наблюдательных советов ранее созданных акционерных обществ, оставив прежним их руководство.
      6. Дивиденды государственных пакетов акций дочерних обществ в течение первых трех финансовых лет направляются на развитие их производства, за исключением средств, отчисляемых на содержание аппарата Компании.
      7. Распространить на аппарат Компании установленный порядок оплаты труда работников акционерного общества "Жезказганцветмет".
      8. Министерству промышленности Республики Казахстан, Национальной акционерной компании "Казакстан тустi металдары" принять организационные меры по обеспечению деятельности Компании, внести предложения Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу по персональному составу Наблюдательного совета, кандидатуре на должность президента Компании.
      9. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу и его территориальному комитету совместно с акционерным обществом "Жезказганцветмет" выделить Компании необходимые служебные помещения, технические средства, каналы телефонной и телексной связи за счет ресурсов, имеющихся в наличии.

            Премьер-министр
          Республики Казахстан
                                     Приложение



                        к постановлению Кабинета Министров
                              Республики Казахстан
                            от 17 сентября 1993 г. N 907

                        ПЕРЕЧЕНЬ
         предприятий, входящих в Государственную
             холдинговую компанию "Казахмыс" <*>
Акционерное общество "Жезказганцветмет", г. Жезказган Производственное объединение "Балхашмедь", г. Балхаш Акционерное общество "Массагет", г. Алматы Жезказганское производственное объединение по птицеводству, г. Жезказган Строящиеся предприятия на базе месторождений: Актогайское, Айдарлинское, Жиландинское, Борлинское, Каратасское и Шатырколь Коллективное промышленно-торговое предприятие "Гея", г. Жезказган
      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 октября 1995 г. N 1375.