1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң, Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiктiң және "Атамекен" акционерлiк корпорациясының Америка Құрама Штаттарында Қазақстан Республикасының Iскерлiк ынтымақтастық орталығын құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк кәсiпорындары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарында құрылып жатқан Iскерлiк ынтымақтастық орталығына құрылтайшы болу құқықтары берiлсiн.
3. "Атамекен" акционерлiк корпорациясына Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және республиканың мүдделi мемлекеттiк кәсiпорындарымен және ұйымдарымен келiсiп, Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Iскерлiк ынтымақтастық орталығының құрылтайшы құжаттарын және Байқаушы кеңестiң құрамы бойынша ұсыныстар әзiрлеу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi