Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы iскерлiк ынтымақтастық орталығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 қазан 1993 ж. N 992

      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамыту, екi елдiң iскер топтары арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң, Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiктiң және "Атамекен" акционерлiк корпорациясының Америка Құрама Штаттарында Қазақстан Республикасының Iскерлiк ынтымақтастық орталығын құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк кәсiпорындары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарында құрылып жатқан Iскерлiк ынтымақтастық орталығына құрылтайшы болу құқықтары берiлсiн.
      3. "Атамекен" акционерлiк корпорациясына Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және республиканың мүдделi мемлекеттiк кәсiпорындарымен және ұйымдарымен келiсiп, Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Iскерлiк ынтымақтастық орталығының құрылтайшы құжаттарын және Байқаушы кеңестiң құрамы бойынша ұсыныстар әзiрлеу тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады