Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жыл сайын 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша:
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша;
Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне, Өнеркәсiп министрлiгiне, Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - тиiстiлiгiне қарай пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк баланстарын берiп отырады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi