Қазақстан Республикасының жалауы астында теңiзде саудамен жүзудi ұйымдастыруға жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Мыналар бекiтiлсiн:
Теңiз сауда кемелерiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығын берудің тәртібін (қоса берiлiп отыр);
N 1 қосымшаға сәйкес теңiз сауда кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығы туралы Куәлiктiң нысаны (кемелiк патент);
N 2 қосымшаға сәйкес теңiз сауда кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығы туралы Уақытша куәлiктiң нысаны;
N 3 қосымшаға сәйкес бербоут-чартер шартымен (экипажсыз кеменiң жүк тасуға жалдану шарты) жүк тасуға жалданған шетелдiк теңiз сауда кемесiне уақытша жүзу құқығын беру туралы Куәлiктiң нысаны.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467
қаулысымен.
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1231 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы
астында Теңiз сауда кемелерiнiң жүзу құқығын берудің
тәртібі
ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467 қаулысымен.
I. Жалпы қағидалар
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығы:
мемлекеттiң;
Қазақстан Республикасының заңды ұйымдарының;
Қазақстан Республикасы азаматтарының меншiгiне жататын теңiз сауда кемелерiне берiледi.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығы бербоут-чартер шартымен (экипажсыз жүк тасуға жалданған кеме шарты) жүк тасуға жалданған шетелдiк теңiз сауда кемесiне уақытша берiлуi мүмкiн немесе шетелдiк лизинг берушi мен қазақстандық лизинг алушы арасындағы лизинг туралы шарт бойынша берілген.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында теңiз сауда кемесiнiң жүзу құқығы ашық теңiздегi сауда кемесiнiң тек қана Қазақстан Республикасының юрисдикциясына бағынышты екенiн бiлдiредi. Шетел суларында жүзген кезде ол Қазақстан Республикасының консулдары мен дипломатиялық өкiлдiктерiнiң қорғауында болады және жәрдемiн пайдаланады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзетiн теңiз сауда кемелерiне техникалық, әкiмшiлiк және әлеуметтiк тұрғыдағы бақылауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467
қаулысымен.
II. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
жалауы астында теңiз сауда кемесiнiң жүзу құқығының
пайда болуы
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығына кеме иесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығы туралы куәлiк (кеме патентi) алған сәттен бастап ие болады. Куәлiктi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi кеменi Мемлекеттiк кеме реестрiне енгiзгеннен кейiн бередi.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467
қаулысымен.
6. Шетелден сатып алынған, бiрақ белгiленген тәртiпке сай тiркелмеген теңiз сауда кемесi айрықша жағдайда сатушы елде тiркелген Қазақстан Республикасының консулы берген теңiз сауда кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығы туралы Уақытша куәлiкке негiзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығын алады. Сатушы елде Қазақстан Республикасының консулдық мекемесi болмаған жағдайда, Уақытша куәлiктi соған таяу басқа елдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнiң беруi мүмкiн немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң тапсыруы бойынша үшiншi елдiң консулдық мекемесi сол консулдық тұрған мемлекеттiң тарапынан қарсылық бiлдiрiлмеген жағдайда беруi мүмкiн. Уақытша куәлiк теңiз кемесi белгiленген тәртiпке сай тiркелгенге дейiн, яғни 6 айға дейiн күшiнде болады.
III. Теңiз сауда кемесiнiң ұлты
7. Қазақстан Республикасының кеме реестрiне енгiзiлген, қолданыстағы кеме патентi бар теңiз сауда кемесiнiң ұлты қазақ болады.
8. Ұлты қазақ теңiз кемесi Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк жалауын көтерiп жүзуге мiндеттi.
9. <*>
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467 қаулысымен.
IV. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
жалауы астында жүзу құқығын теңiз сауда
кемесiнiң жоғалтуы
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында
жүзу құқығын теңiз кемелерi егер:
кеме осы Тәртiптің 1 тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда;
осы Ереженiң 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығы уақытша берiлген шетел
кемелерiнiң жүзу құқығының мерзiмi бiткен кезде жоғалтады.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467 қаулысымен.
V. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы
астында жүзу құқығын теңiз сауда кемесiнiң
уақытша жоғалтуы
11. Қазақстан Республикасының туы астында жүзу құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi егер меншiк иесi теңiз сауда кемесiн бербоут-чартер бойынша шетелдiк әрiптесiне тапсырған жағдайда әрi:
кеме жалауы астында жүзетiн мемлекеттiң заңдары жалауын алмастыруға тыйым салмайтын жағдайда;
теңiз сауда кемесiнiң иесi кеменiң шетел мемлекетiнiң туы астында уақытша болуына өз келiсiмiн берсе, уақытша қайтарып ала алады.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467 қаулысымен .
12. <*>
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467 қаулысымен.
13. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығын қайтарып алу туралы шешiмiнiң мерзiмi аяқталуы бойынша теңiз сауда кемесiнiң иесiн шешiмнiң күшi жойылған және теңiз сауда кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығының қайта бергенi туралы хабардар етуге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467
қаулысымен .
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1231 қаулысына
N 1, 2, 3 қосымша
ЕСКЕРТУ. 1,2 және 3-қосымшалар өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.30. N 467 қаулысымен.
(Кесте)