Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 наурыз N 467 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 49 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында теңiз сауда кемелерiнiң жүзу құқығы жөнiндегi уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1993 ж., N 48, 584-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы "құқығы жөнiндегi уақытша ереженi" деген сөздер "құқығын берудiң тәртiбiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) 1-тармақтың екiншi абзацында "құқығы туралы уақытша ереже" деген сөздер "құқығын берудiң тәртiбiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында теңiз сауда кемелерiнiң жүзу құқығы туралы уақытша ережеде:
     тақырыбындағы "құқығы туралы уақытша ереже" деген сөздер "құқығын берудiң тәртiбiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
     1-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталсын;
     2-тармақ "немесе шетелдiк лизинг берушi мен қазақстандық лизинг алушы арасындағы лизинг туралы шарт бойынша берілген" деген сөздермен толықтырылсын;
     4-тармақтағы "Көлiк министрлігi" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     5-тармақтағы "Көлiк министрлiгi" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақтағы "осы Ереженің" деген сөздер "осы Тәртiптің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы "Көлiк министрлiгi" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ алынып тасталсын;
      13-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгi шешiмiнiң мерзiмi бiткенi жөнiнде бербоут-чартер бойынша теңiз сауда кемесiнiң берiлуi туралы шарт жасасқан тараптарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жалауы астында жүзу құқығын қайтарып алу туралы шешiмiнiң мерзiмi аяқталуы бойынша теңiз сауда кемесiнiң иесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларда:
      "құқығы туралы уақытша ережесi" деген сөздер "құқығын берудi" тәртiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бекiтiлген" деген сөз мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде дұрыс жазылған;
      көрсетілген қаулыға 1 және 3-қосымшаларының 6-тармақтарында:
      "Көлiк министрлiгiне" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Көлiк министрлiгiмен" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасы Су көлiгi департаментiнiң директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бұрын қабылданған ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрінің
     бірінші орынбасары

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады