1. Париж қаласында Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда өкiлдiгi ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң штаттағы қызметкерлерiнiң саны 1994 жылдың 9 айына жалақы қоры 111445 АҚШ доллары сомасындағы 11 адам мөлшерiнде белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда өкiлiне айына 1535 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық көмек көрсету
үшiн олардың АҚШ долларындағы жалақысы қорынан 2 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң шығыстар сметасы 354780 АҚШ доллары сомасында және 351800 теңгедей бекiтiлсiн. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған бюджеттi айқындаған кезде Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда өкiлдiгiн ұстауға қаражат бөлiнуiн ескеретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi