ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САУДА ӨКIЛДIГIН АШУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 6 мамыр 1994 ж. N 484

      Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы үкiметаралық келiсiмдердi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Франциядағы сыртқы экономикалық қызметке қазақстандық қатысушылардың қызметiн үйлестiру мен олардың мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Париж қаласында Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда өкiлдiгi ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң штаттағы қызметкерлерiнiң саны 1994 жылдың 9 айына жалақы қоры 111445 АҚШ доллары сомасындағы 11 адам мөлшерiнде белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда өкiлiне айына 1535 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
      Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық көмек көрсету

үшiн олардың АҚШ долларындағы жалақысы қорынан 2 процент мөлшерiнде
аударым жасау белгiленсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Сауда
өкiлдiгiнiң шығыстар сметасы 354780 АҚШ доллары сомасында және
351800 теңгедей бекiтiлсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға
арналған бюджеттi айқындаған кезде Қазақстан Республикасының
Француз Республикасындағы Сауда өкiлдiгiн ұстауға қаражат бөлiнуiн
ескеретiн болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады