Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының экономикасын дағдарыс жағдайынан шығару жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 шiлде 1994 ж. N 757

      Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының кәсiпорындары мен экономикасын дағдарыс жағдайынан шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен және "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясымен бiрлесiп, Шалқия кен басқармасын "Ақсұңқар" Мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына қосу туралы мәселенi қарасын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, "Сарыарқаполиметалл" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң кенiн "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының кен байыту қуаттарында ұқсату үшiн тасымалдауға жеңiлдiктi темiр жол тарифтерiн белгiлеу мәселесiн қарасын.
      3. "Жолсерiк" Мемлекеттiк холдинг компаниясы белгiленген тәртiппен "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының балансына кәсiпорынның кен байыту фабрикаларында үздiксiз технологиялық процестердi қамтамасыз ететiн темiр жол кiрме жолдарын, ғимараттар мен жылжымалы составты, сондай-ақ тар табанды темiр жол желiсiн берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi алтын шығатын Күмiстi кен орнын өнеркәсiптiк игеруге 1994-1995 жылдары "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының қаражаты есебiнен "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамына қаржылай жәрдем көрсетсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1995 жылы Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер қоры есебiнен қаржыландырылатын құрылыстар мен объектiлердiң тiзбесiне "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамның Күшата қалдық сақтау қоймасы құрылысын енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi "Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер қоры қаржысын 1994 жылы пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 105 қаулысымен көзделгендей мөлшерде 1994 жылдың екiншi жартысында Шалқия кен басқармасының құрылысын басымдықпен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      7. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.04. N 1488
               қаулысымен. P971488_
      8. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Мырғалымсай кен орнында суды ағызу режимiнiң өзгеруi салдарынан қалыптасып отырған экологиялық жағдайды ескерiп, Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан ауданында су ресурстарын пайдалану жөнiнде бiр айлық мерзiмде ұсыныс енгiзсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясы барлық мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың қатысуымен Мырғалымсай кен орны кенiштерiн тоқтатудың және Мырғалымсай кен орны кенiштерiн толық немесе iшiнара су алу кезiнде болуы ықтимал экологиялық және кен-геологиялық зардаптарды бағамдап, "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының Байжансай кенiшiн жою жобаларын әзiрлесiн.
      Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi осы жобаларды белгiленген тәртiппен қарасын және олар жөнiнде тиiстi тұжырым жасасын.
      10. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының аталған кенiштерiн тоқтату және жою салдарынан босайтын бiлiктi мамандарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес олар үшiн өзара тиiмдi шарттармен республиканың басқа кен қазу кәсiпорындарында және одан тыс жерлерде пайдалану және әлеуметтiк қорғау туралы мәселенi шешсiн; бұрынғы тұрғылықты орнында қалуға тiлек бiлдiрген мамандарды жаңа кәсiптерге қайта оқыту мен қайта даярлауға жәрдем көрсетсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Түркiстан қаласындағы мақтадан жiп иiру объектiлерiнiң құрылысы орнына "Южшахтострой" тресiнiң салынып бiтпеген өндiрiстiк корпустарында және Кентау қаласындағы трансформаторлар зауытында осындай өндiрiс қуаттарын 1995 жылы iске қосуды ұйымдастыруды көздеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 105 қаулысын өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      12. Шахтадан су айдау кешенiн қаржыландыру жөнiнде шаруашылық операцияларын жүргiзу үшiн, оны қаржыландыру көзiнiң мәселесi шешiлгенге дейiн "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамына арнайы жеке есепшот ашуға және осы қаулының 7-9 тармақтарын жүзеге асыруға рұқсат етiлсiн.
      13. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған кешендi пайдалану жөнiндегi шығындарды өтеу көздерiн айқындасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


О мерах по выводу из кризисного состояния экономики города Кентау Южно-Казахстанской области

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 июля 1994 г. N 757

      В целях вывода из кризисного состояния предприятий и экономики города Кентау Южно-Казахстанской области Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с Министерством промышленности и торговли Республики Казахстан и Национальной акционерной компанией "Казахстан тусти металдары" рассмотреть вопрос о включении Шалкиинского рудоуправления в состав Государственной холдинговой компании "Аксункар".
      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан совместно с Министерством промышленности и торговли Республики Казахстан рассмотреть вопрос об установлении льготных железнодорожных тарифов на перевозку руды производственного объединения "Сарыаркаполиметалл" для переработки ее на обогатительных мощностях акционерного общества "Ачисайский полиметаллический комбинат".
      3. Государственной холдинговой компании "Жолсерик" передать в установленном порядке на баланс акционерного общества "Ачисайский полиметаллический комбинат" железнодорожные подъездные пути, сооружения и подвижной состав, а также железнодорожную линию узкой колеи, обеспечивающие непрерывный технологический процесс на обогатительных фабриках предприятия.
      4. Министерству промышленности и торговли Республики Казахстан оказать в 1994-1995 годах за счет средств Национальной акционерной компании "Алтыналмас" акционерному обществу "Ачисайский полиметаллический комбинат" финансовую помощь для промышленного освоения Кумыстинского месторождения золотосодержащих руд.
      5. Министерству экономики Республики Казахстан включить в перечень строек и объектов, финансируемых за счет Фонда преобразования экономики Республики Казахстан, в 1995 году строительство Кушатинского хвостохранилища акционерного общества "Ачисайский полиметаллический комбинат".
      6. Министерству экономики, Министерству финансов Республики Казахстан во втором полугодии 1994 г. обеспечить приоритетное финансирование строительства Шалкиинского рудоуправления в объеме, предусмотренном постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 27 января 1994 г. N 105 "Об использовании средств Фонда преобразования экономики Республики Казахстан в 1994 году".
      7. (Пункт 7 утратил силу - постановлением Правительства РК от 4 ноября 1997 г. N 1488 P971488_ )
      8. Государственному комитету Республики Казахстан по водным ресурсам совместно с Министерством промышленности и торговли, Министерством финансов, Министерством экологии и биоресурсов Республики Казахстан и другими заинтересованными министерствами и ведомствами в месячный срок внести предложения по использованию водных ресурсов в Туркестанском районе Южно-Казахстанской области с учетом экологической обстановки, складывающейся в результате изменения режима водоотлива на Миргалимсайском месторождении.
      9. Министерству промышленности и торговли Республики Казахстан, Национальной акционерной компании "Казахстан тусти металдары" с участием всех заинтересованных министерств и ведомств подготовить проекты консервации рудников Миргалимсайского месторождения и ликвидации рудника Байжансай акционерного общества "Ачисайский полиметаллический комбинат" с оценкой возможных экологических и горно-геологических последствий при полном или частичном затоплении рудников Миргалимсайского месторождения.
      Министерству экологии и биоресурсов, Министерству геологии и охраны недр Республики Казахстан рассмотреть эти проекты в установленном порядке и дать по ним заключения.
      10. Министерству труда Республики Казахстан совместно с Министерством промышленности и торговли Республики Казахстан решить вопрос об использовании и социальной защите квалифицированных специалистов, высвобождаемых в результате консервации и ликвидации указанных рудников акционерного общества "Ачисайский полиметаллический комбинат", на других горнодобывающих предприятиях республики и за ее пределами на взаимоприемлемых условиях в соответствии с действующим законодательством; оказать содействие в переобучении и переподготовке специалистов, изъявивших желание остаться по прежнему месту жительства.
      11. Министерству экономики Республики Казахстан представить предложения о внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 27 января 1994 г. N 105, предусмотрев организацию хлопкопрядильного производства на недостроенных производственных корпусах треста "Южшахтострой" и трансформаторного завода в г. Кентау с вводом мощностей в 1995 году взамен строительства аналогичного объекта в г.Туркестане.
      12. Разрешить акционерному обществу "Ачисайский полиметаллический комбинат" открыть отдельный специальный счет для ведения хозяйственных операций по содержанию комплекса шахтного водоотлива до решения вопроса об источнике его финансирования, а также для реализации мероприятий, указанных в пунктах 7-9 настоящего постановления.
      13. Министерству экономики Республики Казахстан, Министерству финансов Республики Казахстан в установленном порядке определить источники покрытия расходов по эксплуатации указанного комплекса.
Премьер-министр Республики Казахстан