1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне мынадай мiндеттердi орындау жүктелсiн:
мұнайгаз салаларын мемлекеттiк кредиттеу мен инвестициялауды дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк мақсатты бағдарламаларын әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, елiмiздiң отын-энергетика кешенiн дамытудың ұзақ мерзiмдi болжамын әзiрлесiн;
республика мұнайгаз салалары қызметiн мемлекеттiк реттеу жұмысын үйлестiру және мiндеттерiн жүзеге асыру;
республика экономикасын тұрақтандыру мен көтеру мақсатында мұнайгаз кешенiнде түбегейлi экономикалық реформаларды жүзеге асыруға белсендi ықпал ету;
мұнай және газ өндiрiлiп жатқан кен орындарының, өңдеушi қуаттардың әлеуетiн тиiмдi пайдалану;
мұнай, газ және олардың өңделген өнiмдерiн жеткiзу үшiн магистральдi құбырлар жүйелерiн,оның iшiнде сыртқы рынокта дамыту мен тиiмдi ету;
мұнай және газ саласында салалық ғылымдарды дамыту, салада бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу және салааралық ынтымақтастықты үйлестiру;
салада қажеттi бәсекелестiктi қамтамасыз етуге жағдайлар жасауға, техника қауiпсiздiгiн сақтау мен айналадағы ортаны қорғауға бағытталған экономикалық саясатты жүзеге асыру;
мұнайгаз кешенi кәсiпорындарының қоршаған ортаға техногендiк ықпалын азайту жөнiнде мемлекеттiк саясат жүзеге асыру;
экономикалық реформалардың мемлекеттiк саясатына сәйкес мұнайгаз кешенiндегi қарым-қатынастар құрылымын қайта жаңғырту, сала кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiруге қатысты;
халықаралық тәжiрибеге және нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес жұмыс iстеуi үшiн саланы құқықтық және нормативтiк негiзге салу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
әлемнiң басқа да мемлекеттерiмен мұнай компанияларымен экономикалық қатынастар мен техникалық ынтымақтастықты дамыту, шетел инвестицияларын тарту мәселелерiн келiскен кезде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен республика мұнайгаз кешенi құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн иелену, пайдалану мен басқару құқығын Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне табыстасын.
3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң төрт орынбасарын алуға, оның iшiнде министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын бiр бiрiншi орынбасар және алқаға 15 адам алуға рұқсат етiлсiн. Алқа құрамына министр және лауазымы бойынша оның орынбасарлары, сондай-ақ министрлiктiң басшы қызметкерлерi, ведомствоға бағынысты кәсiпорындардың, ұйымдардың және басқа органдардың басшылары кiретiн болып белгiленсiн.
Министрлiктiң алқа құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң аппаратын байланыс құралдарымен, халықаралық байланысты қоса, қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң орналасатын жерi Алматы қаласы деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi туралы Ереженi және министрлiктiң құрылымы туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң мұнайгаз кешенi шаруашылық қызметi есебiнен құралған материалдық қаражаттары бөлiгiнiң мұргерi деп танылсын.
8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Мұнай және
газ өнеркәсiбi министрлiгi 2 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы қаулыға қайшы келетiн кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi