Қазақстан Республикасының мұнай мен газ өнеркәсiбi министрлiгiн және Қазақстан Республикасының Энергетика мен көмiр өнеркәсiбi министрлiгiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 13 маусым 1994 ж. N 1729. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Республиканың барлық аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық дамуын жеделдетудiң маңызды шарты ретiнде оның отын энергетика әлеуетiн пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты неғұрлым тиiмдi жүргiзу мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мұнай мен газ өнеркәсiбi министрлiгi және Қазақстан Республикасының Энергетика мен көмiр өнеркәсiбi министрлiгi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.  

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      Алматы. 1994 жылғы 13 маусым
            N 1729

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады