1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген
Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, қызметкерлерiнiң саны 161 адам шегiнде бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 11 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызмет жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 қыркүйектегi N 1076 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Жалпы орта бiлiм және мектеп жасына дейiнгi тәрбие оқу-әдiстемелiк бас басқармасы Жоғары және арнаулы орта бiлiм оқу-әдiстемелiк бас басқармасы Экономика, қаржы және әлеуметтiк қорғау бас басқармасы Кәсiптiк-техникалық бiлiм оқу-әдiстемелiк басқармасы (жетекшi) Халықаралық байланыстар басқармасы (жетекшi) Ұйымдастыру жұмысы басқармасы Басшы, ғылыми және педагогикалық кадрлар бөлiмi Гуманитарлық бiлiм және тәрбие жұмысы бөлiмi Жаңа бiлiмдiк технологиялар және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестiру бөлiмi Мемлекеттiк және бақа тiлдердi дамытуды үйлестiру бөлiмi Бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп беру бөлiмi Күрделi құрылыс және жөндеу бөлiмi Әскери даярлық, азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыс секторы