Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 29 қыркүйек N 1076. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.05. N 927 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген

Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының 
құрылымы қосымшаға сәйкес, қызметкерлерiнiң саны 161 адам шегiнде
бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiне министрдiң 
4 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын,
сондай-ақ құрамында 11 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң орталық
аппараты үшiн 5 қызмет жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1994 жылғы 29 қыркүйектегi
                                         N 1076 қаулысымен
                                          Бекiтiлген
            Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi
                    орталық аппаратының
                       Құрылымы
     Басшылық
     Жалпы орта бiлiм және мектеп жасына дейiнгi тәрбие 
     оқу-әдiстемелiк бас басқармасы
     Жоғары және арнаулы орта бiлiм оқу-әдiстемелiк бас басқармасы
     Экономика, қаржы және әлеуметтiк қорғау бас басқармасы
     Кәсiптiк-техникалық бiлiм оқу-әдiстемелiк басқармасы (жетекшi)
     Халықаралық байланыстар басқармасы (жетекшi)
     Ұйымдастыру жұмысы басқармасы
     Басшы, ғылыми және педагогикалық кадрлар бөлiмi
     Гуманитарлық бiлiм және тәрбие жұмысы бөлiмi
     Жаңа бiлiмдiк технологиялар және ғылыми-зерттеу жұмыстарын
     үйлестiру бөлiмi
     Мемлекеттiк және бақа тiлдердi дамытуды үйлестiру бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп беру бөлiмi
     Күрделi құрылыс және жөндеу бөлiмi
     Әскери даярлық, азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыс секторы

     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады