"Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасына 1994 жылға берген мемлекеттiк кредитiн пайдалану және қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 сәуiрдегi N 360 қаулысымен бекiтiлген "Медтехника" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгiнiң квоталарын 0,6588 миллиард ресей рублiне және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң (Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi) квоталарын 3 миллиард ресей рублiне кемiту есебiнен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасына 1994 жылға берген мемлекеттiк кредитiнiң 3,6588 миллиард ресей рублiне квотасы "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына қосымша бөлiнсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы кредит квоталарының Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Талдықорған және Торғай облыстары әкiмдерiнiң кепiлдiгiмен пайдаланылуы үшiн "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен кредиттiк шарт жасассын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi