Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасына 1994 жылға берген мемлекеттiк кредитiн қайта бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 30 қыркүйек 1994 ж. N 1082

      Ресей Федерациясынан 1992-1993 жылдары берiлген ауыл шаруашылығы техникасы үшiн "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасына 1994 жылға берген мемлекеттiк кредитiн пайдалану және қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 сәуiрдегi N 360 қаулысымен бекiтiлген "Медтехника" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгiнiң квоталарын 0,6588 миллиард ресей рублiне және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң (Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi) квоталарын 3 миллиард ресей рублiне кемiту есебiнен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасына 1994 жылға берген мемлекеттiк кредитiнiң 3,6588 миллиард ресей рублiне квотасы "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына қосымша бөлiнсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы кредит квоталарының Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Талдықорған және Торғай облыстары әкiмдерiнiң кепiлдiгiмен пайдаланылуы үшiн "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен кредиттiк шарт жасассын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады