Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық орталығын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 11 қазан 1994 ж. N 1157

      "Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 10 маусымдағы N 1727  K941727_  қаулысын орындау және кәсiпкерлiктi дамытудың ғылыми, құқықтық және оқу-әдiстемелiк базасын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық орталығы құрылсын (бұдан әрi - Орталық).
      2.<*> 
      3.<*>
      Ескерту. 2-шi және 3-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
              1995.06.20. N 849 қаулысымен.   P950849_  

     4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Алматы қаласының әкiмiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен және Қазақстан Кәсiпкерлер конгресiмен бiрлесiп, Орталықтың штатындағы адамдары мен  ғылыми-практикалық лабораторияларын орналастыру үшiн ғимарат бөлетiн болсын.
     5.<*>
     Ескерту. 5-шi тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.20.               N 849 қаулысымен.          
     6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi:
     Орталықты шетелдiң техникалық көмегiнiң ауқымында дамытуға қаржы бөлсiн;<*>
     Ескерту. 6-тармақтың 3-абзацы алынып тасталған - ҚРМК-нiң              1995.06.09. N 809 қаулысымен. 
     7.<*>
     8.<*>
     Ескерту. 7-шi және 8-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
              1995.06.20. N 849 қаулысымен.   
     9. Орталық басқармасының төрағасына Қазақстан Республикасының министрлерiне дәрiгерлiк қызмет көрсету шарттары қолданылсын.
     10.<*>
     11.<*>
     Ескерту. 10-шы және 11-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
              1995.06.20. N 849 қаулысымен.   P950849_  

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 11 қазандағы
                                           N 1157 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

            Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық
             орталығының Ғылыми-практикалық кеңесi туралы
                              Ереже
 
      1. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық орталығының Ғылыми-практикалық кеңесi (бұдан әрi - Орталық) Орталықтың кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды ғылыми, құқықтық, оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi жоғары орган болып табылады. 
      2. Ғылыми-практикалық кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанда Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1994 жылғы 10 маусымдағы N 1727 қаулысын және осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Ғылыми-практикалық кеңеске мынадай мiндеттер жүктеледi: 
      кәсiпкерлiктi дамытудың проблемаларын ғылыми негiздеу, кәсiпкерлiктi мемлекеттiк басқару органдарымен, кәсiпкерлiк құрылымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды дамыту проблемаларын шешу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу; 
      кәсiпкерлiктi дамыту практикасын қорытып, Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар әзiрлеу; 
      Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға (бұдан әрi - Мемкомиссия) экономиканың жеке меншiк секторын дамыту мәселелерi бойынша талдау материалдарын, баяндау хаттарын әзiрлеу; 
      кәсiпкерлiк құрылымдарға арналған кадрларды даярлау саласындағы жұмыстарды үйлестiру, кәсiпкерлiктi дамытудың оқу-әдiстемелiк базасын нығайту үшiн Мемкомиссияға ұсыныстар әзірлеу; 
      кәсiпкерлiк қызмет үшiн кадрлар даярлау iсiнде халықаралық ұйымдардан техникалық көмектер алуға жәрдем беру; 
      кәсiпкерлiктi дамытуды қамтамасыз ететiн заң жобалары мен нормативтiк құжаттардың жобаларына ұсыныстар әзiрлеп, оларды республика Үкiметiнiң қарауына ұсынып отыру. 
      4. Ғылыми-практикалық кеңестiң: 
      мемлекеттiк басқару органдарынан белгiленген тәртiпте қажеттi материалдарды алуға; 
      кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөнiнде ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткiзудi ұйымдастыруға құқы бар. 
      5. Ғылыми-практикалық кеңестi төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары басқарады. Оның құрамына министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпкерлiк құрылымдардың басшылары, ғалымдар, мамандар кiредi. 
      6. Ғылыми-практикалық кеңестiң мәжiлiстерi хаттамалармен ресiмделедi, оларға төраға мен хатшы қол қояды. 
      7. Ғылыми-практикалық кеңестiң жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жарияланып отырады. 

                                      Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 11 қазандағы
                                           N 1157 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

         Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық 
               орталығы Ғылыми-практикалық кеңесiнiң
                              Құрамы

Қажыгелдин Ә.М.   - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 
                    бiрiншi орынбасары (Кеңес төрағасы)

Мәмбетқазиев Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi
                    (Кеңес төрағасының орынбасары)

Қалмырзаев С.     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк
                    жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                    орынбасары

Нәрiбаев К.Н.     - Қазақтың Әл-Фараби атындағы мемлекеттiк
                    университетiнiң ректоры

Бисенов М.С.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                    орынбасары

Шәйкенов Н.А.     - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi

Горячковский В.Н. - Қазақстан Республикасының Статистика және
                    талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                    төрағасы

Баранов А.П.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 
                    бiрiншi орынбасары

Мамыров Н.        - Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының
                    ректоры

Своик П.В.        - Қазақстан Республикасының Баға және монополияға
                    қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                    төрағасы

Соболев В.В.      - Қазақстан Республикасының Еңбек министрi
 
Тимкин М.И.       - Қазақстан Республикасы Президентi Аппараты
                    жетекшiсiнiң бiрiншi орынбасары (келiсiм
                    бойынша)

Өтембаев Е.Ә.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    Iс басқармасы Жиынтық экономика бөлiмiнiң
                    меңгерушiсi

Аханов С.А.       - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                    бiрiншi орынбасары

Көшербаев Қ.      - Алматы қаласы, Калинин ауданының әкiмi
 
Мұхамеджанов Б.   - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң бiрiншi
                    вице-президентi

Субханбердин Н.   - Қазкоммерцбанкi Басқармасының төрағасы

Жанатаев Т.А.     - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң 
                    вице-президентi

Об обpазовании Казахстанского центpа поддеpжки и pазвития пpедпpинимательства <*> Сноска. Пункты 2, 3, 5, 7, 8, 10, 11 - утpатили силу постановлением КМ РК от 20 июня 1995 г. N 849.

ПОСТАНОВЛЕНИЕ Кабинета Министpов Республики Казахстан от 11 октябpя 1994 г. N 1157

      Во исполнение постановления Президента Республики Казахстан от 10 июня 1994 г. N 1727 "О Государственной программе поддержки и развития предпринимательства в Республике Казахстан на 1994-1996 годы" и в целях создания научной, правовой и учебно-методической базы развития предпринимательства Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Образовать Казахстанский центр поддержки и развития предпринимательства (далее - Центр).
      4. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с главой Алматинской городской администрации, Министерством образования Республики Казахстан и Конгрессом предпринимателей Казахстана выделить здание для размещения штатного персонала и научно-практических лабораторий Центра.
      6. Министерству экономики Республики Казахстан:
      выделить средства на равитие Центра в рамках зарубежной технической помощи. <*>
      Сноска. Абзац третий исключен - постановлением КМ РК от 9 июня 1995 г. N 809.
      9. Распространить на председателя Правления Центра условия медицинского обслуживания министров Республики Казахстан.

        Премьер-Министр
     Республики Казахстан
                                            Утверждено

постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 октября 1994 г. N 1157

                                ПОЛОЖЕНИЕ



         О Научно-практическом совете Казахстанского центра поддержки
                        и развития предпринимательства
      1. Научно-практический совет Казахстанского центра поддержки и развития предпринимательства (далее - Центр) является высшим органом управления по подготовке предложений Центром научного, правового, учебно-методического обеспечения поддержки и развития предпринимательства.
      2. В своей деятельности Научно-практический совет руководствуется постановлением Президента Республики Казахстан от 10 июня 1994 г. N 1727 "О Государственной программе поддержки и развития предпринимательства в Казахстане на 1994-1996 годы" и настоящим Положением.
      3. На Научно-практический совет возлагаются следующие задачи:
      научное обоснование направлений развития предпринимательства, разработка предложений по решению проблем развития предпринимательства во взаимодействии с органами государственного управления, предпринимательскими структурами, международными организациями;
      обобщение практики развития предпринимательства и подготовка рекомендаций Президенту Республики Казахстан, Кабинету Министров Республики Казахстан;
      подготовка аналитических материалов, докладных записок по вопросам развития частного сектора экономики Государственной комиссии по поддержке и развитию предпринимательства (далее - Госкомиссия);
      подготовка предложений для Госкомиссии по координации работ в области подготовки кадров для предпринимательских структур, укрепления учебно-методической базы развития предпринимательства;
      содействие в получении технической помощи от международных организаций по подготовке кадров для предпринимательской деятельности;
      разработка предложений к проектам законодательных и нормативных документов, обеспечивающих развитие предпринимательства, и внесение их на рассмотрение Правительства республики.
      4. Научно-практический совет имеет право:
      получать в установленном порядке необходимые материалы в органах государственного управления;
      организовывать проведение научно-практических конференций, семинаров по проблемам развития предпринимательства.
      5. Научно-практический совет возглавляется председателем - Первым заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан. В его состав входят руководители министерств и ведомств, предпринимательских структур, ученые, специалисты.
      6. Заседания Научно-практического совета оформляются протоколами, которые подписываются председателем и секретарем.
      7. Работа Научно-практического совета систематически освещается в средствах массовой информации.
                                            УТВЕРЖДЕН

постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 октября 1994 г. N 1157


                                СОСТАВ

      Научно-практического совета Казахстанского центра поддержки и
                   развития предпринимательства

Кажегельдин А. М.  - Первый заместитель Премьер-Министра Республики
                     Казахстан (председатель Совета)

Мамбетказиев Е. А. - Министр образования Республики Казахстан
                     (заместитель председателя Совета)

Нарибаев К. Н.     - ректор Казахского государственного национального
                     университета имени Аль-Фараби

Калмурзаев С.      - заместитель Председателя Государственного
                     комитета Республики Казахстан по
                     государственному имуществу

Бисенов М. С.      - заместитель Министра финансов Республики
                     Казахстан

Шайкенов Н. А.     - Министр юстиции Республики Казахстан

Горячковский В. И. - Председатель Государственного комитета
                     Республики Казахстан по статистике и анализу

Баранов А. П.      - первый заместитель Министра финансов Республики
                     Казахстан

Мамыров Н.         - ректор Казахской академии государственного 
                     управления

Своик П. В.        - Председатель Государственного комитета
                     Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной
                     политике

Соболев В. В.      - Министр труда Республики Казахстан

Тимкин М. И.       - первый заместитель Руководителя Аппарата
                     Президента Республики Казахстан (по согласованию)

Утембаев Е. А.     - заведующий Сводным экономическим отделом 
                     Управления Делами Кабинета Министров Республики
                     Казахстан

Аханов С. А.       - первый заместитель Министра экономики Республики
                     Казахстан

Кушербаев К.       - Глава Калининской районной администрации г. Алматы

Мухамеджанов Б.    - первый вице-президент Конгресса предпринимателей
                     Казахстана

Субханбердин Н.    - председатель Правления Казкоммерцбанка

Джанатаев Т. А.    - вице-президент Конгресса предпринимателей
                     Казахстана