"Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 10 маусымдағы N 1727
K941727_
қаулысын орындау және кәсiпкерлiктi дамытудың ғылыми, құқықтық және оқу-әдiстемелiк базасын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық орталығы құрылсын (бұдан әрi - Орталық).
2.<*>
3.<*>
Ескерту. 2-шi және 3-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
1995.06.20. N 849 қаулысымен.
P950849_
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Алматы қаласының әкiмiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен және Қазақстан Кәсiпкерлер конгресiмен бiрлесiп, Орталықтың штатындағы адамдары мен ғылыми-практикалық лабораторияларын орналастыру үшiн ғимарат бөлетiн болсын.
5.<*>
Ескерту. 5-шi тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.20. N 849 қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi:
Орталықты шетелдiң техникалық көмегiнiң ауқымында дамытуға қаржы бөлсiн;<*>
Ескерту. 6-тармақтың 3-абзацы алынып тасталған - ҚРМК-нiң 1995.06.09. N 809 қаулысымен.
7.<*>
8.<*>
Ескерту. 7-шi және 8-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
1995.06.20. N 849 қаулысымен.
9. Орталық басқармасының төрағасына Қазақстан Республикасының министрлерiне дәрiгерлiк қызмет көрсету шарттары қолданылсын.
10.<*>
11.<*>
Ескерту. 10-шы және 11-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
1995.06.20. N 849 қаулысымен.
P950849_
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 11 қазандағы
N 1157 қаулысымен
Бекiтiлген
Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық
орталығының Ғылыми-практикалық кеңесi туралы
Ереже
1. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық орталығының Ғылыми-практикалық кеңесi (бұдан әрi - Орталық) Орталықтың кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды ғылыми, құқықтық, оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi жоғары орган болып табылады.
2. Ғылыми-практикалық кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанда Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1994 жылғы 10 маусымдағы N 1727 қаулысын және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Ғылыми-практикалық кеңеске мынадай мiндеттер жүктеледi:
кәсiпкерлiктi дамытудың проблемаларын ғылыми негiздеу, кәсiпкерлiктi мемлекеттiк басқару органдарымен, кәсiпкерлiк құрылымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды дамыту проблемаларын шешу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
кәсiпкерлiктi дамыту практикасын қорытып, Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар әзiрлеу;
Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға (бұдан әрi - Мемкомиссия) экономиканың жеке меншiк секторын дамыту мәселелерi бойынша талдау материалдарын, баяндау хаттарын әзiрлеу;
кәсiпкерлiк құрылымдарға арналған кадрларды даярлау саласындағы жұмыстарды үйлестiру, кәсiпкерлiктi дамытудың оқу-әдiстемелiк базасын нығайту үшiн Мемкомиссияға ұсыныстар әзірлеу;
кәсiпкерлiк қызмет үшiн кадрлар даярлау iсiнде халықаралық ұйымдардан техникалық көмектер алуға жәрдем беру;
кәсiпкерлiктi дамытуды қамтамасыз ететiн заң жобалары мен нормативтiк құжаттардың жобаларына ұсыныстар әзiрлеп, оларды республика Үкiметiнiң қарауына ұсынып отыру.
4. Ғылыми-практикалық кеңестiң:
мемлекеттiк басқару органдарынан белгiленген тәртiпте қажеттi материалдарды алуға;
кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөнiнде ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткiзудi ұйымдастыруға құқы бар.
5. Ғылыми-практикалық кеңестi төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары басқарады. Оның құрамына министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпкерлiк құрылымдардың басшылары, ғалымдар, мамандар кiредi.
6. Ғылыми-практикалық кеңестiң мәжiлiстерi хаттамалармен ресiмделедi, оларға төраға мен хатшы қол қояды.
7. Ғылыми-практикалық кеңестiң жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жарияланып отырады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 11 қазандағы
N 1157 қаулысымен
Бекiтiлген
Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Қазақстандық
орталығы Ғылыми-практикалық кеңесiнiң
Құрамы
Қажыгелдин Ә.М. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары (Кеңес төрағасы)
Мәмбетқазиев Е.Ә. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi
(Кеңес төрағасының орынбасары)
Қалмырзаев С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
орынбасары
Нәрiбаев К.Н. - Қазақтың Әл-Фараби атындағы мемлекеттiк
университетiнiң ректоры
Бисенов М.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары
Шәйкенов Н.А. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi
Горячковский В.Н. - Қазақстан Республикасының Статистика және
талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
төрағасы
Баранов А.П. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Мамыров Н. - Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының
ректоры
Своик П.В. - Қазақстан Республикасының Баға және монополияға
қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
төрағасы
Соболев В.В. - Қазақстан Республикасының Еңбек министрi
Тимкин М.И. - Қазақстан Республикасы Президентi Аппараты
жетекшiсiнiң бiрiншi орынбасары (келiсiм
бойынша)
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
Iс басқармасы Жиынтық экономика бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Аханов С.А. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Көшербаев Қ. - Алматы қаласы, Калинин ауданының әкiмi
Мұхамеджанов Б. - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң бiрiншi
вице-президентi
Субханбердин Н. - Қазкоммерцбанкi Басқармасының төрағасы
Жанатаев Т.А. - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң
вице-президентi