Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 5 желтоқсан N 1367. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000.05.06. N 677 қаулысымен. ~P000677

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымның Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi Халықаралық бағдарламасының негiзгi ережелерiне сәйкес және есiрткiге қарсы күрестi үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы Ереже (N 1 қосымша) мен осы комиссиясының құрамы (N 2 қосымша) бекiтiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмiмен 1995-1997 жылдарға арналған есiрткiге қарсы күрес жөнiндегi кешендi үкiмет бағдарламасын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары жүктелген мiндеттердi шешуде Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына жәрдем көрсетсiн.
 
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1994 жылғы 5 желтоқсандағы 
                                         N 1367 қаулысына
                                          N 1 қосымша <*>

     ЕСКЕРТУ. N 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.20. N 1004 қаулысына сәйкес.   P991004_  

                 Қазақстан Республикасының
            Есiрткiлерге бақылау жасау жөнiндегi
                мемлекеттiк комиссиясы туралы
                         Ереже

                   1. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасының Есiрткiлерге бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (әрi қарай - Комиссия) есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдалануына қарсы күрес жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырушы және жүзеге асырушы ведомствоаралық орган болып табылады. 
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, есiрткi заттарына бақылау жасау жөнiндегi халықаралық келiсiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп берiп отырады және өз қызметiн жүзеге асыру, туындаған проблемаларды шешу кезiнде өз мiндеттерiн орындау үшiн әртүрлi ведомстволардың, оның iшiнде шетелдердiң бiлiктi мамандарын тартуға құқы бар. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк ұйымдар Комиссияның жұмысына көмек көрсетуге мiндеттi. 

           2. Комиссияның негiзгi функциялары 

      4. Комиссия мынадай негiзгi функцияларды орындайды: 
      1) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналысы және олардың заңсыз айналысы мен терiс пайдалануына қарсы күрес жүргiзудi ұйымдастыру қызметiн реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз етедi. 
      2) есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналысына және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы күрес жүргiзу саласына қатысушы заңды тұлғалардың қызмет тәртiбiн реттейтiн заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып әзiрлейдi; 
      3) есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы күрес жүргiзу шараларын ұйымдастырады; 
      4) есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың терiс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу жөнiндегi және нашақорлыққа және уытқорлыққа шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтiк жәрдем ұйымдастырудағы және оны көрсету кезiндегi азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепiлдiктерiн қамтамасыз етудегi қызметтi реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде денсаулық сақтау органдарына жәрдем көрсетедi; 
      5) уәкiлеттi органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiн, сондай ақ заңсыз сақталуы немесе айналымы анықталған есiрткi заттарын және психотроптық заттарды шамалы, көп, аса көп мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестенi әзiрлейдi және оларды белгiленген тәртiпте жариялайды; 
      6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымын болжап отырады; 
      7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi заттарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттiң тұтыну нормаларын анықтайды; 
      8) есiрткiлiк әсерi аз, әлдеқайда дәйектi, қолданылып жүргендерiмен салыстырғанда қауiптi емес есiрткi заттары мен психотроптық заттарды әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды; 
      9) Есiрткiлердi бақылау жөнiндегi БҰY халықаралық комитетiнiң Қазақстан Республикасы үшiн халықаралық квотаны бекiту үшiн республиканың есiрткi заттары мен психотроптық заттарды тұтыну нормаларын Үкiметке ұсынады; 
      10) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы күрес жүргiзу саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiредi; 
      11) уәкiлеттi және өзге де органдармен бiрлесе отырып, қызметтерi есiрткi заттары мен психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласымен байланысты мамандардың оқуын, даярлануын, қайта даярлануын, тағылымдамасын және бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады;
      12) қызметi нашақорлық проблемасымен байланысты қоғамдық  ұйымдардың, ассоциациялардың жұмысын үйлестiредi;
      13) есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдалануына қарсы күрес жүргiзу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      14) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және Президент пен Үкiмет актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi орындайды.     

                3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

     5. Комиссияны Қазақстан Республикасының Yкiметi құрады және таратады.
     6. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес басқарады.
     7. Комиссияның құрамына мыналар кiредi:
     Сыртқы iстер министрлiгiнiң;
     Әдiлет министрлiгiнiң;
     Iшкi iстер министрлiгiнiң;
     Бас прокуратураның (келiсiм бойынша);
     Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша);
     Қорғаныс министрлiгiнiң;
     Қаржы министрлiгiнiң;
     Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң;
     Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң;
     Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Салық полициясы комитетiнiң;
     Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң;
     Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң;
     Денсаулық сақтау, білiм және спорт министрлiгiнiң;
     Ғылым және жоғары оқу министрлiгiнiң;
     Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiктiң
(келiсiм бойынша);
     Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң 
жетекшiлерi.     
     Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Yкiметi
бекiтедi.
      8. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, өз мүшелерiнiң кемiнде жартысы болған жағдайда тоқсанына бiр рет жүргiзiледi. 
      9. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және Комиссия құрамынан басым көпшiлiк дауыс берiлсе, қабылданды деп есептеледi. 
      10. Комиссияның шешiмi хаттамалық шешiм ретiнде ресiмделедi және қажет болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалпыға бiрдей жеткiзiледi. Комиссияның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк ұйымдар үшiн мiндеттi болып саналады. 
      11. Комиссияның отырыстары аралығындағы кезеңде ағымдық жұмысты Комиссияның төрағасына тiкелей бағынатын Хатшылығы жүзеге асырады. Хатшылықтың құрамы Комиссияның отырысында бекiтiледi. 
      12. Комиссияның Хатшылығы, басшылары Комиссияның құрамына кiретiн министрлiктер мен ведомстволардың жауапты қызметкерлерi қатарынан құрылады. 
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Комиссияның хатшылығын үй-жаймен, байланыс құралдарымен және ұйымдық техникамен қамтамасыз етедi, Хатшылық қызметiнiң жүзеге асырылуы кезiнде iссапарлық, өкiлдiк, көлiктiк, сондай-ақ ағымдағы шаруашылық мақсатындағы бұйымдар мен материалдар сатып алуға байланысты шығындарды төлейдi.
      13. Есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрестi үйлестiру үшiн облыс, Республика астанасы мен республикалық дәрежедегi қала әкiмдерiнiң жанынан өз қызметiнде Комиссияға бағыныста болатын және есеп беретiн есiрткiнi бақылау жөнiндегi аймақтық комиссиялар құрылады.

                                      Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1994 жылғы 5 желтоқсандағы
                                         N 1367 қаулысына
                                          N 2 қосымша

            Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға
        бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының
                            Құрамы

Тоқаев Қ.К.       - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                    орынбасары - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                    министрi, төраға <*>

Мұхамеджанов Б.Ә. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi,
                    Комиссия төрағасының орынбасары<*>

Сүлейменов Қ.Ш.   - Қазақстан Республикасының Iшкi iстерi министрi,
                    Комиссия төрағасының орынбасары <*>

Симачев В.В       - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң
                    бiрiншi вице-министрi<*>

                   Комиссия мүшелерi:

Тоқсейiтов Р.Қ.   - Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 
                    және денсаулық сақтау вице-министрi<*> 
 
Арынов Е.М.       - Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет 
                    және денсаулық сақтау вице-министрi<*>

Нүкенов М.О.      - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
                    комитетi төрағасының орынбасары (келiсiм
                    бойынша)<*>

Жұмабеков О.И.    - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 
                    орынбасары (келiсiм бойынша)<*><*>

Отаров Қ.М.       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                    министрiнiң орынбасары<*><*><*>

Сәрсенбаев Н.А.   - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
                    және реформалары жөнiндегi агенттiгi
                    төрағасының орынбасары <*>

Әбдiров Н.Н.      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу 
                    комитетi Қарағанды Жоғары мектебiнiң қылмыстық
                    құқық кафедрасы меңгерушiсiнiң орынбасары, 
                    Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға
                    бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның                      хатшысы <*>

Мами К.А.         - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық
                    iстер жөнiндегi сот алқасының төрағасы (келiсiм
                    бойынша)<*>

Әбiтаев Е.Ә.      - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия
                    және сауда вице-министрi<*>

Ертiлесова Ж.Ж.   - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi
                    вице-министрi<*>

Бектұрғанов Н.С.  - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық
                    келiсiм вице-министрi<*>

Жарбосынова М.Б.  - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
                    вице-министрi<*>

Қасымов Ғ.Е.      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
                    Кеден комитетiнiң төрағасы<*>

Смағұлов Н.Р.     - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
                    Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi<*>

Тоғысов Ә.Ә.      - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
                    вице-министрi<*>

    Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.02.24.
              N 204 және 1995.04.03. N 390 қаулыларымен.  
    Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.12.
             N 996 қаулысымен.   P960996_  
    ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.12. N 952
             қаулысымен.  P970952_   
    ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.01.12. N 6 қаулысымен
               P980006_  .
    ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.08.06. N 748 қаулысымен
               P980748_  
    ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.04.24. N 468 қаулысымен
               P990468_  

О создании Государственной комиссии Республики Казахстан по контролю за наркотиками

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 декабря 1994 г. N 1367. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 6 мая 2000 г. N 677 ~P000677

     В соответствии с основными положениями Международной программы Организации Объединенных Наций по контролю за наркотическими средствами и в целях координации борьбы с наркотизмом Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Образовать Государственную комиссию Республики Казахстан по контролю за наркотиками.
      2. Утвердить Положение о Государственной комиссии Республики Казахстан по контролю за наркотиками (приложение 1) и состав этой комиссии (приложение 2).
      3. Государственной комиссии Республики Казахстан по контролю за наркотиками по согласованию с заинтересованными министерствами и ведомствами разработать и утвердить комплексную правительственную программу по борьбе с наркотизмом на 1995-1997 годы.
      4. Министерствам и ведомствам Республики Казахстан оказывать содействие Государственной комиссии Республики Казахстан по контролю за наркотиками в решении возложенных на нее задач.
Премьер-министр Республики Казахстан
                                            Приложение 1

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 декабря 1994 г. N 1367


                                Положение
               о Государственной комиссии Республики Казахстан
                     по контролю за наркотиками <*>
      Сноска. Приложение 1 - в редакции постановления Правительства РК от 20 июля 1999 г. N 1004 P991004_ .

                          1. Общие положения
      1. Государственная комиссия Республики Казахстан по контролю за наркотиками (в дальнейшем - Комиссия) является межведомственным органом, формирующим и осуществляющим государственную политику в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров и противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими.
      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, международными договорами по контролю за наркотиками, настоящим Положением.
      3. Комиссия подотчетна Правительству Республики Казахстан и при осуществлении своих функций, решении возникающих проблем имеет право привлекать к выполнению своих задач квалифицированных специалистов различных ведомств, в том числе и из-за рубежа. Центральные и местные исполнительные органы, государственные организации обязаны оказывать содействие работе Комиссии.

                     2. Основные функции Комиссии
      4. Комиссия выполняет следующие основные функции:
      1) обеспечивает разработку и реализацию государственных программ, утверждаемых Президентом Республики Казахстан, по регулированию деятельности в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров и организацию противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими;
      2) разрабатывает по согласованию с соответствующими государственными органами законодательные и иные нормативные правовые акты, регламентирующие порядок деятельности юридических лиц, участвующих в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров и противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими;
      3) организует осуществление государственного контроля за оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров и мер противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими;
      4) содействует органам здравоохранения в рамках государственных программ по регулированию деятельности в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров и злоупотребления ими, в организации медико-социальной помощи лицам, больным наркоманией и токсикоманией, и обеспечения гарантии прав и свобод граждан при еҰ оказании;
      5) разрабатывает, учитывая предложения уполномоченных органов, Список наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в Республике Казахстан, а также сводную таблицу об отнесении наркотических средств, психотропных веществ, обнаруженных в незаконном хранении или обороте, к небольшим, крупным, особо крупным размерам и объявляет их в установленном порядке;
      6) прогнозирует совместно с уполномоченными органами Республики Казахстан масштабы всех видов оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров;
      7) определяет совместно с уполномоченными органами нормы потребности государства в наркотических средствах, психотропных веществах и прекурсорах;
      8) контролирует процесс разработки и внедрения наркотических средств, психотропных веществ, обладающих меньшим наркотическим воздействием, более эффективных, менее опасных по сравнению с существующими;
      9) представляет Правительству нормы потребности республики в наркотических средствах, психотропных веществах для утверждения международных квот для Республики Казахстан Международным комитетом ООН по контролю за наркотиками;
      10) координирует совместно с уполномоченными органами научные исследования в сфере оборота наркотических средст, психотропных веществ, прекурсоров и противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими;
      11) организует совместно с уполномоченными и иными органами обучение,

подготовку, переподготовку, стажировку и повышение квалификации 
специалистов, деятельность которых связана со сферой оборота наркотических 
средств, психотропных веществ и прекурсоров;
     12) координирует работу общественных организаций, ассоциаций, 
деятельность которых связана с проблемами наркомании;
     13) осуществляет международное сотрудничество в сфере оборота 
наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров и противодействия 
их незаконному обороту и злоупотреблению ими;
     14) иные полномочия в соответствии с законодательными актами 
Республики Казахстан и актами Президента и Правительства.
     
                   3. Организация работы Комиссии
     5. Комиссия создается и ликвидируется Правительством Республики 
Казахстан.
     6. Возглавляет Комиссию заместитель Премьер-Министра Республики 
Казахстан в соответствии с возложенными на него обязанностями.
     7. В состав комиссии входят руководители:
     Министерства иностранных дел;
     Министерства юстиции;
     Министерства внутренних дел;
     Генеральной Прокуратуры (по согласованию);
     Комитета национальной безопасности (по согласованию);
     Министерства обороны;
     Министерства финансов; 
     Министерства сельского хозяйства;
     Таможенного комитета Министерства государственных доходов;
     Комитета налоговой полиции Министерства государственных доходов;  
     Министерства культуры, информации и общественного согласия;
     Министерства энергетики, индустрии и торговли;
     Министерства здравохранения, образования и спорта;
     Министерства науки и высшего образования;
     Агентства по стратегическому планированию и реформам (по 
согласованию);
     Министерства природных ресурсов и охраны окружающей среды.            
 
     Персональный состав Комиссии утверждается Правительством Республики 
Казахстан.


      8. Работа Комиссии осуществляется на основе текущих и перспективных планов. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал, при наличии не менее половины еҰ членов.
      9. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от состава Комиссии.
      10. Решения Комиссии оформляются в виде протокольных решений и при необходимости доводятся до общего сведения через средства массовой информации. Решения Комиссии, принятые в пределах ее компетенции, обязательны для исполнения центральными и местными исполнительными органами, государственными организациями.
      11. В период между заседаниями Комиссии текущая работа осуществляется ее секретариатом, подчиняющимся непосредственно Председателю Комиссии. Состав секретариата утверждается на заседании Комиссии.
      12. Секретариат Комиссии создается из числа ответственных работников министерств и ведомств, руководители которых входят в состав Комиссии.
      Министерство внутренних дел Республики Казахстан обеспечивает секретариат Комиссии помещением, средствами связи и оргтехникой, оплачивает командировочные, представительские, транспортные, а также расходы, связанные с приобретением предметов и материалов для текущих хозяйственных целей, при осуществлении деятельности секретариата.
      13. Для координации борьбы с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров при акимах областей, столицы республики и города республиканского значения создаются региональные комисии по контролю за наркотиками, подчиненные и подотчетные в своей деятельности Комиссии.
                                            Приложение 2

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 декабря 1994 г. N 1367


                             Состав

            Государственной комиссии Республики Казахстан
                    по контролю за наркотиками
<*>


    Сноска. Состав комиссии - с изменениями, внесенными
            постановлениями Кабинета Министров Республики
            Казахстан от 24 февраля 1995 г. N 204, от
            3 апреля 1995 г. N 390; от 12 августа 1996 г.
            N 996  

P960996_

 ; от 12 июня 1997 г. N 952  

Р970952_

 ;
            от 12 января 1998 г. N 6  

P980006_

 ; от 6 августа 1998 г. 
            N 748  

P980748_

 ; от 24 апреля 1999 г. N 468  

Р990468_

 .

Симачев В.В.     - первый вице- Министр внутренних дел
                   Республики Казахстан
Нукенов М.О.     - заместитель Председателя Комитета национальной
                   безопасности Республики Казахстан (по согласованию) 
Абдиров Н.М.     - заместитель кафедры уголовного права
                   Карагандинской высшей школы Государственного
                   следственного комитета Республики Казахстан,
                   секретарь комиссии 
Токаев К.К.      - Заместитель Премьер-Министра Республики        
                   Казахстан - Министр иностранных дел Республики 
                   Казахстан, председатель Комиссии 
Мухамеджанов Б.А. - Министр юстиции Республики Казахстан,         
                        заместитель председателя Комиссии
Сулейменов К.Ш.   - Министр внутренних дел Республики Казахстан,  
                        заместитель председателя Комиссии

                     Члены комиссии:
Токсеитов Р.К.   - вице-Министр образования, культуры и
                   здравоохранения Республики Казахстан
Арынов Е.М.      - вице-Министр образования, культуры и
                   здравоохранения Республики Казахстан
Жумабеков О.И.   - заместитель Генерального Прокурора 
                   Республики Казахстан (по согласованию)
Отаров К.М.      - заместитель Министра сельского хозяйства
                   Республики Казахстан
Сарсенбаев Н.А.  - заместитель председателя Агентства по
                   стратегическому планированию и реформам
                   Республики Казахстан
Абитаев Е.А.     - вице-Министр энергетики, индустрии и 
                   торговли Республики Казахстан
Бектурганов Н.С. - вице-Министр информации и общественного       
                   согласия Республики Казахстан
Ертлесова Ж.Ж.   - первый вице-Министр финансов 
                   Республики Казахстан               
Джарбусынова М.Б.- вице-Министр иностранных дел          
                   Республики Казахстан          
Касымов Г.Е.     - Председатель Таможенного комитета
                   Министерства финансов Республики Казахстан
Смагулов Н.Р.    - ответственный работник Канцелярии 
                   Премьер-Министра Республики Казахстан
Тогусов А.А.     - вице-Министр обороны Республики Казахстан;