Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 20 шілде N 1004. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2000.05.06. N 677 қаулысымен. ~P000677

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Есірткі заттарға бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 P941367_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Үкіметінің 1999 жылғы

                                       20 шілдедегі N 1004

                                       қаулысына қосымша



 
 
                       Қазақстан Республикасының
               Есiрткiлерге бақылау жасау жөнiндегi
                  мемлекеттiк комиссиясы туралы
                          Ереже
 
                       1. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасының Есiрткiлерге бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (әрi қарай - Комиссия) есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдалануына қарсы күрес жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырушы және жүзеге асырушы ведомствоаралық орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, есiрткi заттарына бақылау жасау жөнiндегi халықаралық келiсiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп берiп отырады және өз қызметiн жүзеге асыру, туындаған проблемаларды шешу кезiнде өз мiндеттерiн орындау үшiн әртүрлi ведомстволардың, оның iшiнде шетелдердiң бiлiктi мамандарын тартуға құқы бар. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк ұйымдар Комиссияның жұмысына көмек көрсетуге мiндеттi.
 
           2. Комиссияның негiзгi функциялары
 
      4. Комиссия мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналысы және олардың заңсыз айналысы мен терiс пайдалануына қарсы күрес жүргiзудi ұйымдастыру қызметiн реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
      2) есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналысына және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы күрес жүргiзу саласына қатысушы заңды тұлғалардың қызмет тәртiбiн реттейтiн заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып әзiрлейдi;
      3) есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы күрес жүргiзу шараларын ұйымдастырады;
      4) есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың терiс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу жөнiндегi және нашақорлыққа және уытқорлыққа шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтiк жәрдем ұйымдастырудағы және оны көрсету кезiндегi азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепiлдiктерiн қамтамасыз етудегi қызметтi реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде денсаулық сақтау органдарына жәрдем көрсетедi;
      5) уәкiлеттi органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiн, сондай ақ заңсыз сақталуы немесе айналымы анықталған есiрткi заттарын және психотроптық заттарды шамалы, көп, аса көп мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестенi әзiрлейдi және оларды белгiленген тәртiпте жариялайды;
      6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымын болжап отырады;
      7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi заттарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттiң тұтыну нормаларын анықтайды;
      8) есiрткiлiк әсерi аз, әлдеқайда дәйектi, қолданылып жүргендерiмен салыстырғанда қауiптi емес есiрткi заттары мен психотроптық заттарды әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;
      9) Есiрткiлердi бақылау жөнiндегi БҰY халықаралық комитетiнiң Қазақстан Республикасы үшiн халықаралық квотаны бекiту үшiн республиканың есiрткi заттары мен психотроптық заттарды тұтыну нормаларын Үкiметке ұсынады;
      10) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы күрес жүргiзу саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiредi;
      11) уәкiлеттi және өзге де органдармен бiрлесе отырып, қызметтерi

 

есiрткi заттары мен психотроптық заттардың және прекурсорлардың

айналымы саласымен байланысты мамандардың оқуын, даярлануын, қайта

даярлануын, тағылымдамасын және бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады;

     12) қызметi нашақорлық проблемасымен байланысты қоғамдық

ұйымдардың, ассоциациялардың жұмысын үйлестiредi;

     13) есiрткi заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың

айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдалануына қарсы 

күрес жүргiзу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

     14) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және Президент

пен Үкiмет актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi орындайды.


                3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру


     5. Комиссияны Қазақстан Республикасының Yкiметi құрады және таратады.

     6. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң

орынбасары өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес басқарады.

     7. Комиссияның құрамына мыналар кiредi:

     Сыртқы iстер министрлiгiнiң;

     Әдiлет министрлiгiнiң;

     Iшкi iстер министрлiгiнiң;

     Бас прокуратураның (келiсiм бойынша);

     Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша);

     Қорғаныс министрлiгiнiң;

     Қаржы министрлiгiнiң;

     Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң;

     Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң;

     Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Салық полициясы комитетiнiң;

     Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң;

     Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң;

     Денсаулық сақтау, білiм және спорт министрлiгiнiң;

     Ғылым және жоғары оқу министрлiгiнiң;

     Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiктiң

(келiсiм бойынша);

     Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң

жетекшiлерi.


     Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.


 
       8. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, өз мүшелерiнiң кемiнде жартысы болған жағдайда тоқсанына бiр рет жүргiзiледi.
      9. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және Комиссия құрамынан басым көпшiлiк дауыс берiлсе, қабылданды деп есептеледi.
      10. Комиссияның шешiмi хаттамалық шешiм ретiнде ресiмделедi және қажет болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалпыға бiрдей жеткiзiледi. Комиссияның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк ұйымдар үшiн мiндеттi болып саналады.
      11. Комиссияның отырыстары аралығындағы кезеңде ағымдық жұмысты Комиссияның төрағасына тiкелей бағынатын Хатшылығы жүзеге асырады. Хатшылықтың құрамы Комиссияның отырысында бекiтiледi.
      12. Комиссияның Хатшылығы, басшылары Комиссияның құрамына кiретiн министрлiктер мен ведомстволардың жауапты қызметкерлерi қатарынан құрылады.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Комиссияның хатшылығын үй-жаймен, байланыс құралдарымен және ұйымдық техникамен қамтамасыз етедi, Хатшылық қызметiнiң жүзеге асырылуы кезiнде iссапарлық, өкiлдiк, көлiктiк, сондай-ақ ағымдағы шаруашылық

 

мақсатындағы бұйымдар мен материалдар сатып алуға байланысты

шығындарды төлейдi.

     13. Есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың

заңсыз айналымымен күрестi үйлестiру үшiн облыс, Республика астанасы

мен республикалық дәрежедегi қала әкiмдерiнiң жанынан өз қызметiнде 

Комиссияға бағыныста болатын және есеп беретiн есiрткiнi бақылау

жөнiндегi аймақтық комиссиялар құрылады.


    Оқығандар:    

   Қобдалиева Н.

   Орынбекова Д.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады