1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны мөлшерiнде 58 адам болып бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне министрдiң үш орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 желтоқсандағы N 1408 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының министрлiгi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Музыка өнерi бөлiмi /жетекшi/ Театр өнерi /жетекшi/ Экономика, қаржы және есеп басқармасы /жетекшi/ Кадр және оқу орындары бөлiмi /жетекшi/ Музейлер мен ұлттық парктер бөлiмi Кiтапхана және мәдени-тынығу жұмысы бөлiмi Сыртқы байланыстар бөлiмi Iс басқармасы