Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 14 желтоқсан N 1408. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1818 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық

аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң
шектi саны мөлшерiнде 58 адам болып бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне министрдiң
үш орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ
7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң орталық
аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

                                   Қазақстан Республикасы                  
                                    
                                   Министрлер Кабинетiнiң
                                   1994 жылғы 14 желтоқсандағы
                                   N 1408 қаулысына
                                          қосымша

              Қазақстан Республикасының министрлiгi орталық
                             аппаратының
                              ҚҰРЫЛЫМЫ
Музыка өнерi бөлiмi /жетекшi/
Театр өнерi /жетекшi/
Экономика, қаржы және есеп басқармасы /жетекшi/
Кадр және оқу орындары бөлiмi /жетекшi/
Музейлер мен ұлттық парктер бөлiмi
Кiтапхана және мәдени-тынығу жұмысы бөлiмi
Сыртқы байланыстар бөлiмi
Iс басқармасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады