1. "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Жол қоры туралы" Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң 1994 жылғы 16 мамырдағы N 216 P940216_ қаулысы қабылдануына байланысты жинақтап қалған берешектi өтегенге дейiн Алматы қаласының бюджетiне Республика жол
қорынан аударылуға тиiстi төлемдер сомасынан Алматы облыстық әкiмшiлiгiнiң жол қорына аударым жасасын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясына жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары