МЕМЛЕКЕТТIК АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСIПОРЫНДАРЫН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МЕНШIГIНЕ САТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 24 ақпан 1994 ж. N 216. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету, ауыл шаруашылығында көп укладты экономиканы қалыптастыру және оның тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру мен бәсекелестiк ортаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын азаматтардың жеке меншiгiне сату туралы Уақытша ереже" бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және облыс әкiмдерiмен келiсе отырып, азаматтардың жеке меншiгiне эксперимент ретiнде сатылатын шаруашылықтардың тiзбесiн бiр ай мерзiм iшiнде белгiлесiн; 
      оларды сату жөнiндегi жабық коммерциялық конкурстарды үш ай мерзiм iшiнде өткiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, басқа  да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрге үш жыл бойы эксперимент нәтижелерiн жыл сайын жинақтап қорытып, қорытындылар бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1994 жылғы 24 ақпандағы        
N 216 қаулысымен           
Бекiтiлген              

           Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын
          азаматтардың жеке меншiгiне сату туралы
                       УАҚЫТША ЕРЕЖЕ

                        (I кезең)

      1. Ережеде мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын азаматтардың жеке меншiгiне сатудың шарттары белгiленген. 
      2. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық бiлiмi, ауыл шаруашылығында кемiнде 5 жыл практикалық жұмыс стажы бар азаматтары сатып ала алады. 
      3. Азаматтардың жеке меншiгiне ең алдымен үнемi шығынмен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындары сатылуға тиiс. 
      4. Нақты мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорнын азаматтардың жеке меншiгiне сатуды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және облыс әкiмдерiмен келiсе отырып жүзеге асырады. 
      Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын азаматтардың жеке меншiгiне сату жабық сауда түрiнде жүзеге асырылады.<*> 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.25. 
N 507 қаулысымен. 
      5. Мүлiк Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 30, 353-бет) бекiтiлген агроөнеркәсiп кешенiнiң кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң тәртiбiне сәйкес бағаланады. 
      6. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорнын азаматтардың жеке меншiгiне сатуға әзiрлеу жұмысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құратын комиссия жүргiзедi. 
      Комиссия меншiк иесiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың, кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң, оның еңбек ұжымының, қаржы органдарының және банктiң өкiлдерiнен құрылады. Комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң өкiлi тағайындалады. 
      7. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорнының мүлкiн сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады. 
      Еңбек ұжымының мүшелерi, осы кәсiпорыннан зейнет демалысына шығып, оның аумағында тұратын адамдар, сондай-ақ әлеуметтiк сала қызметкерлерi әркiмнiң мүлiктiк үлесiнiң белгiленуiн ескере отырып, мүлiктiң сатып алынатын бөлiгiнiң 49 процентiн сатып алуға құқылы. 
      Сатып алушы шаруашылық мүлкiнiң сатып алынатын бөлiгiнiң 20 процентiн жабық саудада 3 жылға дейiнгi мерзiмге бөлiп-бөлiп төлейтiндей етiп сатып алып, оның құнының кемiнде 30 процентi мөлшерiнде бастапқы жарна төлейдi.<*> 
      Ал сатылатын мүлiктiң қалған 31 процентiн Сатушы Сатып алушының уақытша пайдалануына 5 жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Мүлiктiң осы бөлiгiне шартты негiзде пай дивидендi белгiленедi. Осы мерзiм iшiнде тиiмдiлiк артып, ауыл шаруашылық өнiмi өндiрiсiнiң тұрақты көлемiне қол жеткен жағдайда меншiк иесiнiң шешiмi бойынша мүлiктiң мемлекеттiк үлесi Сатып алушыға сатылады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Алтын акция" енгiзу құқын өзiнде сақтайды. Бұл жағдайда мүлiктiң тегiн берiлетiн бөлiгi Сатып алушыға және еңбек ұжымының мүшелерiне үлесiне сәйкес берiледi. 
      Мемлекеттiк мүлiктiң еңбек ұжымының мүшелерiне сатылмай қалған бөлiгi меншiк иесiнiң шешiмiмен Сатып алушының екi жылға дейiнгi мерзiмде уақытша пайдалануына берiледi. Мүлiктiң бұл бөлiгiн меншiк иесi жаңа шаруашылық субъектiлерiн (шаруа қожалықтарын, шағын кәсiпорындар, ауыл шаруашылық кооперативтерiн және т. т.) құру үшiн резерв ретiнде пайдаланады. 
      Шартты жер пайлары (үлестерi) мүлiктi бөлгендегiдей ретпен бөлiнедi, яғни сатып алушы мүлiктiң 20 процентiн, мемлекеттiк меншiк иесi - 31 процентiн, ал еңбек ұжымының мүшелерi мен әлеуметтiк сала қызметкерлерi - 49 процентiн алады. 
      Мүлiк және жер пайлары иелерiнiң ауыл шаруашылық өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн шаруашылықтың кез келген нысанын таңдауға сөзсiз құқы бар. 
      Мүлiк пен жер пайларының иелерiне шаруашылық iшiнде екi жақты уағдаластық негiзiнде оларды сатып алуға және беруге рұқсат етiледi. 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.25. 
N 507 қаулысымен. 
      8. Кәсiпорындардың балансындағы халыққа бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектiлерi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк меншiгiне берiледi. 
      Аталған мекемелердi ұстау меншiк иесiнiң есебiнен қамтамасыз етiледi. Қаржы жеткiлiксiз болған жағдайда бұл мақсаттарға қаражат меншiк иесi мен кәсiпорынды сатып алушы арасындағы, сондай-ақ сол шаруашылық аумағындағы басқа да шаруашылық субъектiлерiмен шарт бойынша бөлiнедi. 
      9. Сатып алынған объектiнiң толық құнын төлеген Сатып алушыға Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi меншiк құқына кiрiскенi туралы мемлекеттiк актi бередi. 
      Сатып алынған объектiнiң толық құны төленгенге дейiн Сатушы мен Сатып алушы арасында сату-сатып алу шарты жасасылып, онда: 
      Сатып алушыға сатып алынатын мүлiктi иелену, пайдалану және басқару құқының берiлуi; 
      сатып алынатын мүлiктiң құрамы мен бағасы; 
      төлем қаражаты, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi көзделедi. 
      Шартта жекешелендiрiлген мүлiктi жаңа иесiнiң бұдан былайғы жерде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру үшiн ғана пайдаланатыны жөнiндегi мiндеттемесi көзделуге тиiс. 
      10. Сатып алушы шаруашылық қызметiн қолданылып отырған заңға сәйкес жүзеге асырады. 
      11. Жаңа меншiк иесi мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастары жалдау шартымен ресiмделедi. 
      12. Жекешелендiрiлетiн мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорнының иесi меншiк иесi құқына кiрiскенi туралы мемлекеттiк актi алған сәтiнен бастап жабылған кәсiпорынның мүлiктiк құқы мен мiндеттерiн, қаржыға қатысты және басқа да мiндеттемелерiн өзiне алады. 
      13. Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру кезiнде мемлекеттiк органдар мен азаматтар арасында пайда болатын дауларды төрелiк сот шешедi. 
      14. Жоғарыда көрсетiлген тәртiптi (7, 8, 10, 11 және 13 тармақтарды) ұжымшарларға қолдану ұсынылсын. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады