1. "Казголд" акционерлiк қоғамының "Лениногорск полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының байытылған қалдықтарын өңдеу жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан "Лениногорск полиметалл комбинаты" АҚ байытылған қалдықтарынан бағалы металдар өндiру туралы "Қазголд" АҚ-мен келiсiмге қол қоюға өкiлет берiлiп, онда мыналарды қарастырсын:
- "Қазголд "АҚ-на" Лениногорск полиметалл комбинаты" АҚ байытылған қалдықтарын өңдеуге және келiсiмнiң қолданылатын уақытында олардан бағалы металдар өндiруге ерекше құқық беру;
- тиiмдi экологиялық таза технологияны пайдалану және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген барлық заңдылық нормаларын сақтау жөнiндегi "Казголд" АҚ мiндеттемесi;
- көзделген мерзiмде қалдықтарды өңдеудi ұйымдастыру жөнiндегi "Казголд" АҚ мiндеттемелерi орындалмаған жағдайда Қазақстан тарапының келiсiмдi бiржақты бұзу құқы;
- Басқа да қажеттi жағдайлар.
2. Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Казголд" АҚ-на "Лениногорск полиметалл комбинаты" АҚ-ның байытылған қалдықтарын өңдеуге лицензия берсiн. Қазголдтың Қазақстан Республикасының кен орнын пайдаланбайтынын, кен-металлургия өндiрiсiнiң қалдықтарын өңдеудi ұйымдастыратынын ескерiп, роялти төлеу көзделмесiн.
3. Бағалы металдарды аффинирлеу Қазақстан Республикасында жүргiзiлуi тиiстiгi жағдайында республиканың аффинаж заводтарына мынадай шарттар қойылсын:
- заводтың LBMA стандарттары бойынша алтын мен күмiстi тазалау туралы куәлiгi бар ("London BuIIion Mfrket Association" (LBMA) сертификаты болуы тиiс;
- заводтың техникалық мүмкiншiлiгi және қоспаны тазалауға берген күнiнен бастап бес күн iшiнде тазалауды мойнына алған мiндеттемесi болу тиiс;
- завод жұмысты халықаралық бәсеке бағасы бойынша орындауы тиiс.
Аффинаж заводтары қоспаны тазалау жөнiндегi аталған шарттарды орындамаған жағдайда "Казголд" АҚ-на Доре қорытпасын толлингтiк негiзде шетелдiк рафинациялау кәсiпорындарында аффинирлеуге құқық берiлсiн.
4. "Алтын запасы мен алмас қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Казголд" АҚ барлық өндiрiлген бағалы металдарды Ұлттық Банктiң Мемлекеттiк сақтауына алу және тiркеуi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне табыс етедi деп белгiленсiн. Мұнда сату бағасы тiкелей сатылған күнiне байланысты сауда күнiндегi 99,9 процент тазалықтағы алтын мен күмiске арналған металдардың Лондон биржасындағы күндiзгi белгiленген бағасы бойынша АҚШ долларында белгiленуi тиiс.
Ұлттық Банк жоғарыда аталған бағалар бойынша "Казголд" АҚ-нан бағалы металдарды алудан бас тартқан (немесе ұсыныс жасасқан күннен кейiн келесi күнi оның келiсiмiн алмағанда) ерекше жағдайларда "Казголд" АҚ-на өндiрген бағалы металдарды халықаралық рынокта экспорттау мен сату құқы берiлсiн.
5. Осы жобаны жүзеге асыру үшiн алған шетел кредиттерi мен займдарын өтеу кезеңiнде "Казголд" АҚ валюта түсiмiн мiндеттi түрде теңгеге конверттеуден босатылсын.
6. Жобаның шетелдiк кредит берушiлерiнiң талаптарын ескерiп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне "Казголд" АҚ-на кредит берушiлердiң келiсуi бойынша шетел банкiлерiнiң бiрiнде "эскроу" оффшорлы есепшот ашу құқын беру ұсынылсын.
7. "Казголд" АҚ "Қазақ ССР-iндегi шетел инвестициялары туралы" 1990 жылы 7 желтоқсанда қабылданған Қазақ ССР Заңының 20-бабы бойынша осындай кәсiпорындарға берiлетiн жеңiлдiктердi пайдаланатын, 1992 жылы құрылған, шетел инвестицияларымен жұмыс iстейтiн кәсiпорын ретiнде белгiленсiн. Қаржы министрлiгi мен "Казголд" АҚ әзiрлеген салық келiсiмi мақұлдансын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне осы келiсiмге Қазақстан Республикасы Үкiметi атынан қол қою өкiлдiгi берiлсiн.
<*>
Ескерту. 7-тармақтың 2-абзацының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң
1998.10.30. N 1114 қаулысымен. P981114_
8. "Казголд" АҚ және оның шетелдiк акционерлерi "Казголд" АҚ өндiрiстiк үй-жайларының құрылысына дейiн және Лениногорск полиметал комбинатының қызметiнен, оның iшiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зияннан туындайтын әлдебiр борышкерлiкте, мiндеттiлiкте немесе өзiне дейiн келтiрiлген залалға жауапкершiлiкте болмайды
деп белгiленсiн. 9. "Казголд" АҚ-ның осы жобаны жүзеге асыру барысында туындаған және келiссөздер жолымен реттелмеген барлық дауларды Стокгольм Сауда Палатасы бекiткен Төрелiк ережелерiне сәйкес Стокгольмде, Швецияда халықаралық төрелiкте қарау туралы ұсынысы келiсiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi