Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заң күші бар Жарлығының 2-бабының 4-тармағына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат), Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 Z952368_ Заң күші бар Жарлығының 148-бабына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 13), "Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Заңының 2-бабына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1997 ж., N 17-18, 218-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Yкіметінің салық және кеден жеңiлдiктерiн беру мәселелерi жөнiндегi кейбiр
шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 1998 жылғы
30 қазандағы
N 1114 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің салық және кеден
жеңілдіктерін беру мәселелері жөніндегі
күші жойылған кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ
1. "Жезқазған қаласында 300 орындық медициналық орталық пен күніне 800 адам қабылдайтын емхана салу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 желтоқсандағы N 1309 P931309_ қаулысының 6-тармағы.
2. "Лениногорск полиметалл комбинаты акционерлік қоғамының байытылған қалдықтарынан бағалы металдар өндіру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 қаңтардағы N 73 P950073_ қаулысының 7-тармағының екінші абзацы.
3. "Павлодартрактор" мемлекеттік акционерлік қоғамы әкелетін тауарларға кеден баждарын қолдану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 маусымдағы N 866 P950866_ қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін республика халқын төлқұжаттармен қамтамасыз ету үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарға кеден баж салықтарын төлеуден босату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 маусымдағы N 867 P950867_ қаулысы.
5. "Окан Холдинг/Исот" түрік компаниясының Ақмола қаласында "Астана" бес жұлдызды мейманханасын салуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 10 қазандағы N 1312 P951312_ қаулысының 10-тармағы.
6."Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қыркүйектегі N 1267 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 30 қазандағы N 1399 P951399_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 427-құжат).
7. "Жамбыл облысының фосфор саласының ішіндегі кәсіпорындарын дағдарыстан шығару жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 маусымдағы N 725 қаулысының 4-тармағы.
8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 14 мамырдағы N 224 R960224_ өкімі.