БҰҰ-ның Хабитат - елдi мекендерi жөнiндегi Экономикалық және Әлеуметтiк Кеңесi Комиссиясының (ЭКОСОС) құрамына Қазақстан Республикасының сайлануына, БҰҰ-ның Хабитат II (Түркия, 1996 жылғы маусым) - елдi мекендерi жөнiндегi Екiншi Халықаралық Конференциясының әзiрленуi мен өткiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Мына құрамда Қазақстан Республикасының Ұлттық комитетi құрылсын: Құлыбаев А.А. - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi, Ұлттық комитеттiң төрағасы Монтахаев К.Ж. - Қазақстан Республикасы сәулетшiлер одағының президентi, Ұлттық комитет төрағасының орынбасары Садықов А.З. - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң сәулет, қала құрылысы және өнеркәсiптiк-азаматтық ғимараттар бас басқармасы бастығының орынбасары Алмағамбетов Б.А. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң құрылымдық және инвестициялық саясат бас басқармасының бастығы Бәйiшев Қ.С. - Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрiнiң бiрiншi орынбасары Баймағамбетов С.К. - Алматы қаласы әкiмiнiң сәулет, қала құрылысы және аумақтарға құрылыс салу басқармасының бастығы Байменов А.М. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң бiрiншi орынбасары Дерновой А.Г. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Жарбосынова М.Б. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық ұйымдар және экономикалық қатынастар бас басқармасының бастығы Қайралапин Б.Е. - Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары Кравчук А.В. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу бас басқармасының бастығы Кутовой В.И. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң орынбасары Нұрғалиева Е.Н. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Тоскин В.Ф. - Ақмола облысының құрылыс және сәулет iстерi жөнiндегi облыстық басқармасының бастығы Фаткульдинов Ф.Х. - Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары Шоқаманов Ю.К. - Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары ЕСКЕРТУ. Құрам жаңадан құрылған - ҚР Үкіметінiң 1996.06.26. N 803 қаулысымен. P960803_
2. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi, Қазақстан Республикасы Ұлттық комитетi төрағасының орынбасары А.Қ.Тышанов Хабитат II- елдi мекендерi жөнiндегi БҰҰ-ның Екiншi Конференциясын өткiзу (1995 жыл мен 1996 жылдың бас кезiнде) жөнiндегi әзiрлiк комитетiнiң жұмысына қатысу үшiн Қазақстан Республикасының өкiлi болып тағайындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып 1995 жылдың бiрiншi тоқсанында Қазақстан Республикасында тұрғын үй мен халықты шоғырландыру проблемаларын шешуге бағытталған iс-қимылдың екi жылдық жоспарын жасасын және Хабитат II - елдi мекендерi жөнiндегi БҰҰ Екiншi Конференциясының тақырыбына қамтылатын мәселелер жиынтығы жөнiндегi ұлттық шаралар туралы аралық баяндама әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi мен "Қазақстанның теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы Хабитат II - елдi мекендерi жөнiндегi БҰҰ-ның Екiншi Конференциясын өткiзуге әзiрлiктiң барысына байланысты мәселелерi баспасөзде, радио мен теледидар бойынша жариялап отырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрiнiң