Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: "Хабитат II-елдi мекендерi жөнiндегi БҰҰ-ның конференциясына әзiрлiк туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 ақпандағы N 150 P950150_ қаулысының 1-тармағын өзгертуге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық комитетiнiң жаңа құрамы бекiтiлсiн: Құлыбаев А.А. - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi, Ұлттық комитеттiң төрағасы Монтахаев К.Ж. - Қазақстан Республикасы сәулетшiлер одағының президентi, Ұлттық комитет төрағасының орынбасары Садықов А.З. - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды құрылыс салу министрлiгiнiң сәулет, қала құрылысы және өнеркәсiптiк-азаматтық ғимараттар бас басқармасы бастығының орынбасары Алмағамбетов В.А. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң құрылымдық және инвестициялық саясат бас басқармасының бастығы Бәйiшев Қ.С. - Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрiнiң бiрiншi орынбасары Баймағамбетов С.К. - Алматы қаласы әкiмiнiң сәулет, қала құрылысы және аумақтарға құрылыс салу басқармасының бастығы Байменов А.М. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң бiрiншi орынбасары Дерновой А.Г. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Жарбосынова М.Б. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық ұйымдар және экономикалық қатынастар бас басқармасының бастығы Қайралапин Б.Е. - Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары Кравчук А.В. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу бас басқармасының бастығы Кутовой В.И. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң орынбасары Нұрғалиева Е.Н. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Тоскин В.Ф. - Ақмола облысының құрылыс және сәулет iстерi жөнiндегi облыстық басқармасының бастығы Фаткульдинов Ф.Х. - Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары Шоқаманов Ю.К. - Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 ақпандағы N 150 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 маусымдағы N 803
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз