"Отын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 ақпандағы N 152

      Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн басқаруды жетiлдiру, жекешелендiру процесiн монополиясыздандыру және тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Отын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн ұйымдардың, кәсiпорындардың мемлекет мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқын, сондай-ақ акционерлiк қоғамдардың акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын қайтып алсын.
      2. Ұсақ көмiр кен орындарын игерудiң стратегиясын үйлестiру және жасау қызметi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне жүктелсiн.
      3. Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын жiктерінiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдардың қатты отынға деген сұранысын қамтамасыз ету облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулы күшiне енген күннен бастап бiр ай iшiнде:
      "Отын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiрген ұйымдар мен кәсiпорындардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн ұстаушыны белгiлесiн;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Отын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мiндеттемелерi мен мүлiктiк құқықтары бойынша құқықтық мұрагердi айқындасын.
      6. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Отын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қарашадағы N 1108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 518-бап);
      "Отын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қарашадағы N 1164 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қарашадағы N 1108 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 10 қазандағы N 1132 қаулысы.
      7. Осы қаулы 1995 жылдың 15 наурызынан күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Вопросы реорганизации Государственной акционерной компании "Отын"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 февраля 1995 г. N 152

      В соответствии с Программой действий Правительства по углублению реформ и выходу из экономического кризиса, в целях совершенствования управления деятельностью хозяйствующих субъектов, демонополизации и углубления процессов приватизации Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу отозвать права владения, пользования и управления государственным имуществом организаций, предприятий, а также права владения, пользования и управления государственным пакетом акций акционерных обществ, входящих в состав Государственной акционерной компании "Отын".
      2. Возложить функции координации и выработки стратегии освоения мелких угольных месторождений на Министерство энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан.
      3. Возложить обеспечение потребностей в твердом топливе социально защищаемых слоев населения, учреждений и организаций финансируемых из местного бюджета на глав областных и Алматинской городской администраций.
      4. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу в течение месяца со дня вступления в действие данного постановления:
      определить держателя государственного пакета акций организаций и предприятий, входивших в состав Государственной акционерной компании "Отын";
      совместно с Министерством финансов Республики Казахстан определить правопреемство по обязательствам и имущественным правам Государственной акционерной компании "Отын".
      6. Признать утратившими силу:
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 ноября 1993 г. N 1108 "О создании Государственной акционерной компании "Отын" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 43, ст. 518);
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 ноября 1993 г. N 1164 "О президенте и Наблюдательном совете Государственной акционерной компании "Отын";
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 октября 1994 г. N 1132 "О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 ноября 1993 г. N 1108".
      7. Настоящее постановление вступает в силу с 15 марта 1995 года.
   Премьер-министр
Республики Казахстан