Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.08.2022 № 604 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне, оның органдары мен мекемелерiне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қоса берiлiп отырған рәмiзiнiң бейнесiн пайдалануға рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi органдарының рәмiзi - шеңбердiң 2/3 бөлiгi, лентада екi қырында қазақ және орыс тiлдерiнде "Қазақстан Республикасы", ал астында "әдiлет" деген жазулары бар. Ортасында шеңбер орналасқан, одан жан-жаққа күн сәулесi тәрiздi тiректер тарайды. Шеңбердiң ортасында таразы бейнеленген. Рәмiздi екi найза қиып өтедi. Түрлi-түстi бейнесi көгiлдiр және сары бояулармен орындалған.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi органдары рәмiзiнiң көшiрме бейнесi көлемiне қарамастан, эталонның ақ-қара немесе түрлi-түстi бейнесiне сәйкес болуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi |