Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi органдарының рәмiзi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 21 сәуiр 1995 ж. N 522. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 604 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.08.2022 № 604 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне, оның органдары мен мекемелерiне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қоса берiлiп отырған рәмiзiнiң бейнесiн пайдалануға рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi органдарының рәмiзi - шеңбердiң 2/3 бөлiгi, лентада екi қырында қазақ және орыс тiлдерiнде "Қазақстан Республикасы", ал астында "әдiлет" деген жазулары бар. Ортасында шеңбер орналасқан, одан жан-жаққа күн сәулесi тәрiздi тiректер тарайды. Шеңбердiң ортасында таразы бейнеленген. Рәмiздi екi найза қиып өтедi. Түрлi-түстi бейнесi көгiлдiр және сары бояулармен орындалған.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi органдары рәмiзiнiң көшiрме бейнесi көлемiне қарамастан, эталонның ақ-қара немесе түрлi-түстi бейнесiне сәйкес болуға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады