1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты құрылымында таратылатын Мәдениет және қоғамдық бiрлестiктермен байланыс бөлiмi мен Әлеуметтiк сала бөлiмiнiң негiзiнде Iшкi саясат бөлiмi құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 наурыздағы N 247 қаулысының қосымшасына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- Қосымша "Iшкi саясат бөлiмi" сөзiмен толықтырылсын, "Мәдениет
және қоғамдық бiрлестiктермен байланыс бөлiмi" және "Әлеуметтiк сала бөлiмi" сөздерi алынып тасталсын; - "Бұдан басқа" бөлiмiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iстерi жөнiндегi кеңес қосылсын. 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Басшысы штат кестесiне тиiстi өзгертулер енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi