Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты құрылымын iшiнара өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 5 мамыр 1995 ж. N 623

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Аппаратының құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты құрылымында таратылатын Мәдениет және қоғамдық бiрлестiктермен байланыс бөлiмi мен Әлеуметтiк сала бөлiмiнiң негiзiнде Iшкi саясат бөлiмi құрылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 наурыздағы N 247 қаулысының қосымшасына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      - Қосымша "Iшкi саясат бөлiмi" сөзiмен толықтырылсын, "Мәдениет

және қоғамдық бiрлестiктермен байланыс бөлiмi" және "Әлеуметтiк 
сала бөлiмi" сөздерi алынып тасталсын;
     - "Бұдан басқа" бөлiмiне Қазақстан Республикасы Министрлер 
Кабинетiнiң жанындағы Дiн iстерi жөнiндегi кеңес қосылсын.
     3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Басшысы
штат кестесiне тиiстi өзгертулер енгiзсiн.


            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады