Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 5 мамырдағы N 626

      Жайық жағалауы аймағының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ғылыми зерттеулердi кеңейту мен тереңдету және қолда бар ғылыми әлеуеттi барынша толық пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Атырау облысы әкiмiнiң және Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының Атырау облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясының, Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Батыс бөлiмшесiнiң, Батыс Қазақстан "Жемшөп және жайылым" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi аймақтық бөлiмшесiнiң, Қазақ мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу институтының Атырау мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу станциясының негiзiнде - Атырау қаласында Атырау ауыл ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Институт қызметiнiң мынадай:
      қойдың, жылқы мен түйенiң қолда барын жетiлдiру және жаңа тұқымдарын, түрлерiн қалыптастыру, мал шаруашылығы өнiмдерiн, жем-шөп өндiрудiң прогрестi технологиясын әзiрлеу, ауыл шаруашылығы малдары ауруларының алдын алу, диагноз қою және емдеу әдiстерiн жетiлдiру бағыттары белгiленсiн.
      3. Аталған институтты ұстау Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына көзделген бюджеттiк қаржылары шегiнде жүзеге асырылсын.
      4. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының Президиумы Атырау облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, 2 ай мерзiм iшiнде Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрылымын белгiлесiн.
      5. Атырау облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясының негiзiнде жаңа ұйымдастырылған институт құрамында тәжiрибе шаруашылығы құрылсын.
      6. Атырау облысының Қызылорда ауданындағы "Мұқыр" акционерлiк қоғамының (бұрынғы "Гурьев" асыл тұқымды заводы) оны ұйымдастырылатын институт құрамына тәжiрибе шаруашылығы ретiнде енгiзу жөнiндегi ұсынысына келiсiм берiлсiн.

     7.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.04.
              N 485 қаулысымен.  

P970485_

  
     8. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР
Министрлер Советiнiң "Республиканың ауыл шаруашылығы бойынша
ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң жұмысын жақсарту жөнiндегi шаралар
туралы" 1956 жылғы 21 тамыздағы N 501 қаулысына N 5 қосымша күшiн
жойған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                        
      
      


Об организации Атырауского научно-исследовательского института сельского хозяйства

Постановление Кабинета Министров Республик Казахстан от 5 мая 1995 г. N 626

      В целях расширения и углубления научных исследований в отраслях агропромышленного комплекса прикаспийского региона и более полного использования имеющегося научного потенциала Кабинет Министров Республик Казахстан постановляет:
      1. Принять предложение главы Атырауской областной администрации и Казахской академии сельскохозяйственных наук, согласованное с Министерством науки и новых технологий, Министерством сельского хозяйства, Министерством финансов, Министерством экономики Республики Казахстан, об организации на базе Атырауской государственной областной сельскохозяйственной опытной станции, Западного отделения Казахского научно-исследовательского института каракулеводства, Западно-Казахстанского регионального отделения научно-производственного объединения "Корма и пастбища", Атырауской научно-исследовательской ветеринарной станции Казахского научно-исследовательского ветеринарного института - Атырауского научно-исследовательского института сельского хозяйства в г. Атырау.
      2. Определить институту следующие направления деятельности: совершенствование существующих и создание новых пород, типов, линий овец, лошадей и верблюдов, разработка прогрессивных технологий производства продукции животноводства, кормопроизводство, совершенствование методов профилактики, диагностики и лечения болезней сельскохозяйственных животных.
      3. Содержание указанного института осуществлять в пределах бюджетных ассигнований, предусмотренных Казахской академии сельскохозяйственных наук на научно-исследовательские работы.
      4. Президиуму Казахской академии сельскохозяйственных наук совместно с главой Атырауской областной администрации в 2-месячный срок определить структуру Атырауского научно-исследовательского института сельского хозяйства.
      5. Создать на базе Атырауской государственной областной сельскохозяйственной опытной станции опытное хозяйство в составе вновь организованного института.
      6. Согласиться с предложением акционерного общества "Мукур" (бывший племзавод "Гурьевский") Кзылкогинского района Атырауской области о включении его в состав организуемого института в качестве опытного хозяйства.
      7. Пункт 7 утратил силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 1997 г. N 485. P970485_
      8. Признать утратившим силу приложение N 5 к постановлению ЦК Компартии Казахстана и Совета Министров Казахской ССР от 21 августа 1956 г. N 501 "О мерах по улучшению работы научно-исследовательских учреждений республики по сельскому хозяйству".
      Премьер-министр
    Республики Казахстан