Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 4 сәуiрдегi N 485

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының ғылыми ұйымдары мен тәжiрибе шаруашылықтары желiлерiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қазандағы N 1332 қаулысын орындау үшiн және "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 желтоқсандағы

N 1502  

P961502_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996ж.,
N 51, 490-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етедi:
     Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 4 сәуiрдегi
                                         N 485 қаулысына
                                             қосымша

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
                жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
                          ТIЗБЕСI



      1. "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 17 сәуiрдегi N 240 қаулысы (Қаз ССР ҚЖ, 1991 ж., N 11, 73-құжат).
      2. "Одақтық және республикалық бағыныстағы ғылыми-зерттеу мекемелерiн Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының құрамына беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 9 қаңтардағы N 15 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 1, 13-құжат).
      3. "Қызылорда ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 наурыздағы N 310 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 115-құжат).
      4. "Шығыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 наурыздағы N 378 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 11, 131-құжат).
      5. "Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 мамырдағы N 626 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 189-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады