1. Атырау облысы әкiмiнiң және Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының Атырау облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясының, Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Батыс бөлiмшесiнiң, Батыс Қазақстан "Жемшөп және жайылым" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi аймақтық бөлiмшесiнiң, Қазақ мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу институтының Атырау мал дәрiгерлiгi ғылыми-зерттеу станциясының негiзiнде - Атырау қаласында Атырау ауыл ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
2. Институт қызметiнiң мынадай:
қойдың, жылқы мен түйенiң қолда барын жетiлдiру және жаңа тұқымдарын, түрлерiн қалыптастыру, мал шаруашылығы өнiмдерiн, жем-шөп өндiрудiң прогрестi технологиясын әзiрлеу, ауыл шаруашылығы малдары ауруларының алдын алу, диагноз қою және емдеу әдiстерiн жетiлдiру бағыттары белгiленсiн.
3. Аталған институтты ұстау Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына көзделген бюджеттiк қаржылары шегiнде жүзеге асырылсын.
4. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының Президиумы Атырау облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, 2 ай мерзiм iшiнде Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрылымын белгiлесiн.
5. Атырау облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясының негiзiнде жаңа ұйымдастырылған институт құрамында тәжiрибе шаруашылығы құрылсын.
6. Атырау облысының Қызылорда ауданындағы "Мұқыр" акционерлiк қоғамының (бұрынғы "Гурьев" асыл тұқымды заводы) оны ұйымдастырылатын институт құрамына тәжiрибе шаруашылығы ретiнде енгiзу жөнiндегi ұсынысына келiсiм берiлсiн.
7. <*> ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.04. N 485 қаулысымен. P970485_ 8. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Республиканың ауыл шаруашылығы бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң жұмысын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" 1956 жылғы 21 тамыздағы N 501 қаулысына N 5 қосымша күшiн жойған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi